» » Аналар акцияға атсалысты

Аналар акцияға атсалысты


Қайырымдылық әр адамның қолынан келеді. Тек таза ниет болса жеткілікті. Міне осы қағиданы ұстанған аудандық әйелдер кеңесі мен аналар кеңесінің мүшелері «Мектепке жол» акциясы аясында тұрмысы төмен, көп балалалы отбасы балаларына қайырымдылық көмек көрсетуге бел буды.

Аудандық білім бөлімінен көмекке мұқтаж отбасы балаларының тізімін алып, 15 оқушыға оқу құралдары салынған сөмке сыйлады. Акцияға өз үлестерін қосқан әйел-аналар арасында қоғам белсенділері, кәсіпкер, мұғалімдер бар.

Аудандық Әйелдер кеңесінің төрайымы Күлжауһар Раева мен аналар кеңесінің төрайымы Тәжігүл Әбенова бастама көтерілгеннен қызметтегі әйел-аналардың бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып акцияға атсалысқанына ризашылық сезімін білдірді. Ал мектепке баруға асыққан оқушылар әдемі сөмке мен қалам-дәптерге қуанып, оқушының алды болуға, сабақты жақсы оқуға уәде берді.
24 тамыз 2021 ж. 850 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 376
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 232

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728