» » Елордада "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы басталды

Елордада "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы басталды


Елордада оқу жылы қарсаңында әлеуметтік осал санаттағы балаларға көмек көрсетуге бағытталған "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы басталды. "Менің Атамекенім" порталында "Мектепке жол" платформасы бар, онда мұқтаж ата-аналар өтініш қалдыра алады.

Бұл платформа мұқтаж адамдар мен қайырымдылық жасаушылар арасындағы тікелей байланысты қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта порталда Нұр-Сұлтаннан 3229 өтініш тіркелген. Кезек бойынша меценаттар мен кәсіпкерлер отбасыларға көмек көрсетеді, - деп атап өтті білім басқармасында.
Тізімдегі алғашқы он отбасыға 15 тамызда планшеттер ұсынылады.

Айта кетейік, жыл басынан бері акция аясында 4203 мұқтаж оқушыларға 42 миллион теңгеден астам сомада көмек көрсетілген.

Акцияға қатысуға ниеттілер кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөліміне мына телефондар арқылы хабарласа алады: 8 701 187 68 68, 8 778 381 68 39.

Айта кетейік, аз қамтылған отбасыларға көмек тұрақты негізде көрсетіледі. Жыл басынан бері балаларға смартфондар, ноутбуктер, киім-кешек, кітаптар, үстел ойындары сатып алынып, қаржылай көмек көрсетілді.

12 тамыз 2020 ж. 888 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 824
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 513

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930