» » Аудандық комиссияның отырысы өтті

Аудандық комиссияның отырысы өтті

qarmaqshy-tany.kz Аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлының төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссия отырысына комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары, кент, ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері қатысты.
Күн тәртібінде «Петропавл қаласындағы 9 сынып оқушысымен орын алған оқыс жағдай» және «А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейі оқушыларымен орын алған жағдай туралы», «Қосымша білім беру ұйымдарында жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану және құқық бұзушылық пен қылмыстылықтың алдын алу бағытында атқарлыған жұмыстары туралы» және «Балалардың жол-көлігі жарақатының алдын алу жөнінде қабылданған шаралар мен кәмелетке толмағандарды жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауға қалыптастыру туралы» хабарламалар тыңдалды.
Аудандық комиссия төрағасы Ж.Ерқосаев комиссия мүшелерінің ұсыныс пікірлерін тыңдай келе, тиісті сала басшыларына балалардың қауіпсіздігі басты назарда болуы қажет екендігін айтып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу бағытында жұмыстарды жүйелі ұйымдастыруды тапсырды.
Сондай-ақ, мектептер жанынан құрылған әкелер, аналар кеңесінің жұмыстарын жандандырып, қоғам қайраткерлерімен тәрбиелік мәні бар кездесулер өткізуді көбейту керек екендігін жеткізді.
Сонымен қатар, құқық қорғау органдарына кәмелетке толмаған жасөспірімдермен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау, төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында ата-аналармен оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізу жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

18 ақпан 2023 ж. 211 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10350)

25 қазан 2024 ж.

№84 (10349)

22 қазан 2024 ж.

№83 (10348)

19 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 645

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031