» » "Ауғанның отты жалыны"

"Ауғанның отты жалыны"

qarmaqshy-tany.kz C.Есқараев атындағы №27 орта мектебінде "Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл" толуына орай 7 - 9 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен "Ауғанның отты жалыны" тақырыбымен кездесу кешін ұйымдастырды. Кездесу кешіне ауған соғысы ардагерлері Ә.Жалмағанбетов пен аудандық ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Ерманов ағайлар мен мектебіміздің түлегі "С.Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтының" І курс студенті А.Наурызбекұлы қатысты. Кеш барысында ардагер ағалар бітіруші 11 сынып оқушыларына аудандық Қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу куәлігін құрметпен табыстады. Мектеп парламент мүшелері ардагер ағаларға арнап ән - жырдан шашу шашып, көрініс көрсетіп, өнерлерін ортаға салды. Кеш қонақтары оқушыларға ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.
15 ақпан 2023 ж. 640 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 995
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 225

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031