» » Ауғанның от жалыны жадымызда

Ауғанның от жалыны жадымызда


Осындай тақырыппен Ақтөбе ауылындағы №109 орта мектепте алғашқы әскери даярлық және технология пәнінің мұғалімі Алмат Оразбекұлы мен 10 сынып жетекшісі Тұрсынай Берікбаеваның ұйымдастыруымен ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Оған аудандық Ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы Асқар Ерманов пен ауыл тұрғыны, соғыс ардагері Сәбит Қанибаев арнайы қонақ ретінде шақырылды. Олар оқушыларға бастарынан өткен қиын қыстау кезеңдерді баяндап берді.
Кездесу барысында білім алушылар қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Ардагерлер өз ойларымен бөлісіп қана қоймай, қазіргі жастарға бейбіт өмірді сақтауға, түрлі арандатушылыққа бой алдырмауға, Отан­ды қорғауға дайын болуға шақырды. Мектеп директоры Бақытбек Алмағамбетов батыр ағаларға алғыс айтса, кітапханашы Гүлназ Ешниязова көрме ұйымдастырды.
А.САДЫҚОВ,
№109 орта мектеп мұғалімі
15 ақпан 2022 ж. 1 058 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 864
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 121

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930