» » "Ауғанның отты жалыны" атты әдеби-тарихи кездесу кеші өтті

"Ауғанның отты жалыны" атты әдеби-тарихи кездесу кеші өтті

qarmaqshy-tany.kz №28 орта мектебінде 10 "а, б" сынып жетекшілері М.Нұралиева мен Н.Тарғанованың және тәлімгер А.Ешпанованың ұйымдастыруымен Ауған соғысының ардагерлерімен кездесуге арналған "Ауғанның отты жалыны" атты әдеби-тарихи кездесу кеші өткізілді.
Кездесу кешіне ауылымыздағы ардагерлер - Таубаев Қажығали Жүнісұлы мен Нұрғалиев Әбдуали Тасқараұлы құрметті қонақ ретінде қатысты.
Шара мектеп оқушыларының орындауындағы "Батырлар биімен" бастау алып, АӘТД жетекшісі А.Оспанов "Ауған соғысы: тарих, шындық, тағылым" тақырыбында баяндама жасады. Мектеп кітапханашысы А.Омарова Ауған соғысы жылнамасынан бұрыш ұйымдастырды. 10 сынып оқушылары "Ауғандағы арпалыс" атты сахналық қойылым көрсетті. Әмербек Бекнұр мен Арапбай Ардақ көркемсөз оқыса, Қанағат Зухра мен Сәлімханқызы Ақерке ардагер ағаларға арнап қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі К.Ахатов шығарған арнау өлеңді оқып берді. Сырлы сұхбат кезеңінде ардагерлерге түрлі сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар алды.
Қонақтар 10-11 сынып оқушыларына ҚР Қорғаныс министрлігінің әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлікті табыс етті. Кездесу кешін мектеп директоры А.Ж.Оспанов қорытындылап, ардагерлерге алғыс білдірді.
13 ақпан 2023 ж. 502 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 393
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 185

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930