» » Жігер жеңіске жетелейді

Жігер жеңіске жетелейді

qarmaqshy-tany.kz Бүгінгі күні мұғалімдерге қойылатын талап бөлек. Білімді жетілдіру, үздіксіз оқу, іздену – ұстаздың өмірлік міндеті. Заман тала- бына сай жұмыс істеп, жаңашылдыққа ұмтылып, табанды еңбек етіп жүрген жанның бірі – Гүлсім Шеріпова. Оның жылы жүзді, жарқын мінезді адам екенін бір көрген адам жақсы түсінеді. Жақсы адам магнит секілді, айналасындағыны өзіне тартып тұратын сиқыры бар емес пе? Осындай жанмен сөйлескен аз ғана уақыттың өзі ішіңді жылытып, ерекше күйге бөлейтіні бар.

Ол 1991 жылы қарапайым отбасында дүниеге келген. Екі ағасы мен екі әпкесінен кейінгі үйдің кенжесі. Бала күннен спортқа қызығып өскен Гүлсім мектеп қабырғасында оқып жүргенде-ақ самбо мен дзюдоға қатысып, үздіктердің қатарынан көрінген. Жеңістері аудандық, облыстық, республикалық жарыстарға жетелеп, спортқа деген махаббаты одан әрі ашыла түседі. Соның нәтижесінде топ жарып «Спорт шеберлігіне үміткер» атағына да ие болады. Осылайша мектепті бітірген соң Шымкент қаласындағы аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетіне дене шынықтыру және спорт мамандығына оқуға түседі. Оны тәмамдаған соң 2009 жылдан бастап аграрлы-техникалық колледжінде дене шынықтыру пәнінен сабақ береді.
– Адам баласы барында бағаламай, айырылып қалса қайта таба алмайтын баға жетпес байлық – денсаулық. Сол себепті де осы байлығымыздың қадіріне жетіп өмір сүргенге не жетсін?! Денсаулықты шынықтырып, әрі жас ұрпақты да осыған үйрету менің негізгі жұмысым. 6-сынып оқып жүргеннен бастап спорттық сайыстардың түр-түріне қатыса бастадым. Бұл менің өмірдегі маңызды шешім қабылдауыма себеп болды. Мамандық таңдауда қателеспей, сүйікті жұмысыммен айналысып келемін, – дейді кейіпкеріміз.
Гүлсім Жүсіпбекқызының еңбек жолындағы жетістіктері де аз емес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын білім беру саласының мамандары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген «Қазақстанның жыл мұғалімі» атты республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанған. Сондай-ақ, білім беру саласына қосқан айрықша еңбегі үшін «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған. Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің арасында өткізілген «Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі – 2022» облыстық байқауында жүлделі ІІ орынды иеленген.
– Өмірдегі басты ұстанымым – сүйікті ісіңнің болуы. Жасайтын ісіңді сүйгенде ғана тірлігің оңға басады. Қазір кей адамдар өзінің не қалап, нені жақсы көретінін білмей жатады. Ішкі үніне де құлақ түрмейтіндер бар. Сол себепті ісі өнбей жатады. Мұндайда жан қалауыңа мән беру керек, – дейді ол.
Гүлсім Шеріпова жұмыста сыйлы болса, шаңырақта өнегелі келін, балаларға ардақты ана. Бала тәрбиесінде бірде қатал, бірде жұмсақ. Әрине, бәрі өз орнымен. Ол – көпшіл қасиеті мен қағытпа қалжыңы қай ортаны болмасын қуанышқа бөлеп жүретін болмысы ерекше жан. Осыдан 12 жыл бұрын үлкен әулетке келіп бүгінде инабатты келін, ардақты ана, аяулы жар атанып отыр. Жолдасы Ахан мұнай және газ саласында еңбек етеді. Бүгінде екеуі үш баланың ата-анасы. Үлкен ұлы Әмір Тәйімбет Көмекбаев атындағы No250 мектеп-лицейде 6 сынып оқиды. Екінші ұлы Аңсар 2 жаста, кенже қызы Алуа 8 айлық.
Сан алуан студенттің тән саулығына көңіл бөліп, денесінің шынығуына сеп болған жанды бүгінде шәкірттерінің биік белесіне шын қуанады.
Ақнұр САҒЫНТАЙ

14 ақпан 2023 ж. 271 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№1(10369)

06 қаңтар 2025 ж.

№103 (10368)

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 216
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031