» » Балғын балуандар бапкері

Балғын балуандар бапкері

qarmaqshy-tany.kz СЫР ЕЛІНДЕ СПОРТ САЛАСЫ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕ БАҚ СЫНАП, ЖЕТІСТІККЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗІП ЖҮРГЕН ДАҢҚТЫ СПОРТШЫЛАР КӨП-АҚ. ТУЫМЫЗДЫ БАЙРАҚТЫ ЖАРЫСТАР ТҰҒЫРЫНДА ЖЕЛБІРЕТІП, ӘНҰРАНЫМЫЗДЫ АСҚАҚТАТҚАН КЕЗІМІЗДЕ АЗ ЕМЕС. СОНДАЙ АЗАМАТТЫҢ БІРІ - АҚАЙЛЫҚ САМБОШЫ НАУРЫЗБЕК ДӘУЛЕТБАЕВ.

Есімдері тек Ақай ауылы тұрғындарына ғана емес, қармақшылықтарға танымал өнегелі отбасы иелері – Бердалы Дәулетбай мен Қарлығаш Сәдуақасовадан тараған жеті баланың кенжесі Наурызбек Бердалыұлы ауыл мектебін бітірген соң бала кезден өміріне серік еткен самбоны жетілдіре түсуде жүрек қалауымен жоғары оқу орнында білім алады. Спортқа жақын көп ағайынды отбасында өскен Наурызбек жоғары оқу орнын бітіргесін туған жерге келіп ауыл жастарын спортқа баулуда No16 аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің самбо бөліміне жұмысқа орналасады.
Ауыл тұрғындарына ақындығымен, елжандылығымен танылған Бердалы Дәулетбайұлы ақсақал да спортқа жақын жан әрі жанкүйер. Ол шахмат, теннис, бильярд, тоғызқұмалақ сияқты спорт түрімен айналысады. Ардагерлер арасында өткен аудандық жарыстарда жеңімпаз атанған спортшы. Осындай спортсүйер отбасында тәрбиеленген Наурызбектің бала жасынан самбомен айналысуына себепкер болған оның туған ағасы Кендебай екенін айтады. Аға ақылымен 9 жасынан алғашқы жаттықтырушысы Төлеби Төлеповпен самбо үйірмесінде жаттыға бастайды.
Жас балуан спортқа келген күннен бастап зеректігін көрсетіп, көп ұзамай өз салмағында жеңімпаз атанады. Бірқатар аудандық, облыстық жарыстарда өзі белдескен салмақ дәрежесінде топ жарып, жеңімпаздар көшінен көрінеді.
Мектепті тәмамдаған соң Алматы қаласындағы «Спорт және туризм» академиясына оқуға түсіп, оны 2013 жылы бітіріп елге келеді. Содан бері талай дүбірлі додаға қатысып, биік тұғырдан орын алған ол бүгінде Ақай ауылындағы аудандық No16 балалар және спорт мектебінің филиалында жаттықтырушы ретінде спортқа жаны құмар жас өрендерді самбо күресіне тәрбиелеуде.
Наурызбектің тағдыры табыстырған өмірлік жары Назерке де самбошы. Ол да көптеген дүбірлі жарыста жеңімпаздар тұғырынан орын алып, абыройлы болған спортшы десек артық айтқандық емес. Өмірлерін спортпен байланыстырған екі жас кейін келе шаңырақ көтеріп, бүгінде ұрпақ сүюде. Назерке инабатты келін ретінде қазақ келініне тән қасиетімен ауыл-аймаққа сыйлы, дастарқанын нан мен аққа толтырған жас ана, аяулы жар.
Осы ретте Наурызбектен бүгінгі уақытқа дейін қолы жеткен жетістігі жайында айтып беруін сұраған болатынбыз.
– 2009 жылы Қазақстан чемпионатына қатыстым. 2017 жылы Ақтөбе қаласында өткен самбоның жауынгерлік түрінен өз салмағым бойынша жеңімпаз атандым. Астана қаласында ҚР Президенті жүлдесі үшін өткізілген Әлем кубогында жеңіске жеттім. Одан кейін де республикалық деңгейде өткен және Ашхабад, Ташкент, Түркменстанда өткен байрақты жарыстарда жүлделі орындарға ие болдым, – дейді ол.
Ақай ауылында өсіп-өніп, өңірде спорт саласын дамытуға атсалысып жүрген Наурызбектің қарамағында самбодан 9-13 жас аралығында 35 бала жаттығады.
– Бапкердiң бағыты анық болса, шәкiрттiң де сенiмi нық. Менің үмітімді ақтап, республиканы былай қойғанда, халықаралық жарыстарда топ жарып жүрген шәкірттеріме ризамын. Оларды іріктегенде алдымен туған жылын, жас ерекшелігін ескереміз, содан кейін әр шәкірттің дене дайындығы мен мінез-құлқының ерекшелігіне назар аударамыз. Егер ол самбо күресімен айналыспас бұрын басқа спорт түрімен шұғылданған болса, онда дене дайындығы басқаға қарағанда жақсы болып келеді. Сондықтан да балаларды жеке топқа бөлеміз, – дейді бапкер.
Бақытын бозкілемнен тапқан Наурызбек Бердалыұлы әркез шәкірттерінің жетістігімен қуанады. Ол – спорт саласының дамуына аянбай үлес қосып келе жатқан азамат.
Н.Жанәділов.
20 қазан 2022 ж. 648 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 288

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 383

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930