» » Көше тұрғындары тасаттық берді

Көше тұрғындары тасаттық берді

qarmaqshy-tany.kz Қазақ – ырымшыл халық. Жақсылыққа құмар. Құлағанды сүйеп, жылағанды жұбатады. Барына тасы- майтын, жоғына жасымайтын да осы біздің қарапайым қазағымыз. Мұның түйіні – иман байлығында жатса керек. Сонымен қатар, жаратқаннан жалбарына тілек тілеп, дұға ететін де өз ұлтымыз.
Сәрсенбіде Жосалы кенті орталығындағы "Данара" дәмханасында сол төңіректегі Тайшық би, Қойшыбаев, Балқы Базар, Наурыз көшесі тұрғындарының ұйымдастыруымен тасаттық берілді. Оған аудан басшысы, ардагерлер, көше тұрғындары қатысты. Онда алдымен өмірден өткен ата-бабалар рухына арналып Құран оқылды. Одан соң аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы сөз сөйлеп, тасаттық берудің түпкі мақсатына, қазақ халқының ертеден келе жатқан дәстүрі екеніне тоқталды.
Басқосуда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, ауданның Құрметті азаматтары Әбдірахман Құлдүйсенов, Қаршыға Есдәулетов, еңбек ардагері Отар Жақыпов, тағы басқалары ел арасындағы ауызбірлік пен ынтымақ жайында ойларын ортаға салды.
Іс-шарада Марал Кенжеқараева әрбір істе ұйымшылдық таныта білетін көше тұрғындарына ризашылығын жеткізсе, "Данара" дәмханасының иесі Гүлдана Әшірбековаға арнайы алғысын айтып, иығына орамал салды.
Тасаттық соңында ауданның сыйлы ақсақалы Орынбасар Сариев аталық жолымен ақ батасын берді.
– Айналамызда неше түрлі апаттар, жағдаяттар орын алуда. Одан бөлек, судың тапшылығы, күннің шамадан тыс ысуы секілді дүниелер болуда. Осындай қиыншылықтар мен апаттардың алдын алуда Алладан тілек тілеп, дұға ету ата-бабамыздан келе жатқан дәстүр. Сол ізбен біз де көршілер болып өз дұға-тілегімізді білдірейік, Құран оқытайық деп тасаттық беруді шештік. Оған атсалысқан барша жанға нұр жаусын деп тілеймін. Ауданымызда татулық пен бірліктің туы биікте желбірей берсін, – дейді көше комитетінің төрайымы Бақыткүл Төребаева.
С.ДАТ
11 ақпан 2023 ж. 389 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031