» » Көше тұрғындары тасаттық берді

Көше тұрғындары тасаттық берді

«Тілек тілеу Тәңірден» демекші, кентте тасаттық беру жоралғысы жалғасуда. Жақында кент орталығындағы Абай, Амангелді, Ораз ахун, Темір жол бойы көшелерінің тұрғындары ауызбіршілік көрсетіп Құрбан айт мерекесінің үшінші күнінде кішігірім ас берді.

Жалпы елде болып жатқан қуаңшылық жағдай баршаға мәлім. Әсіресе Арал аймағының бүгінгі жайы тым мүшкіл. Жерге шөп таппаған мал аштықтан қырылуда. Тасаттық берілер күннен бір күн бұрын Қараөзектің Сырдария өзеніне құйылар тұсында құрбандыққа ірі қара мал сойылды. Асқа арнайы шақырылған Мұрат Мұсаев діни тұрғыда уағыз айтып, аруақтарға Құран бағыштады. Көше тұрғындары Берікбай Абдраманов, Жаңылтай Маханова, Бақтай Тәйімбетова және тағы басқалар тәлімді-тәрбиелі әңгімелер айтып, игілікті істің жалғасын табарын, келер ұрпаққа жақсы тәрбие болатынын тілге тиек етті.
Сонымен қатар осы іске мұрындық болған көшенің белсенділері Көшкінбай Рахатов, Тынысбек Мыржақов, Мұхтар Қозбағаров, Темір Балғабаев, Марал Бертаев, Өмірбек Байсынов, Бағдат Тауымбаев, Руслан Төлепов, Мираш Тынымбаева, Аида Демесіноваларға біркісідей атсалысқан басқа да жандарға алғысын жеткізді.

Ерсін СӘДУҰЛЫ

31 шілде 2021 ж. 664 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 400
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 201

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930