» » Тасаттық жоралғысы жасалды

Тасаттық жоралғысы жасалды

Елге төнген қуаңшылық жұртты есеңгіреткені баршаға мәлім. Әсіресе ірі мал мен жылқы ұстаған малшылардың жиған тергенін әп-сәтте қырып әкетуде. Себеп биылғы ауа райының күрт ысып, жауын-шашынның болмауынан жерге шыққан көктің қурап, малға азықтың тапшылығы. Көпшілік табиғаттың тосын мінезіне қарап жұт келді деп шулап жатыр. Апаттың бетін қайтару үшін малынан айырылған жандар жиылып, тәңірден кешірім тілеп, жерге бір тамшы болса да жаңбыр сұрап, жер-жерде тасаттық беруде. Солардың бірі – Иіркөл ауылының жылқышылары.
Өткен аптада кенттің жылқышы­лары тасаттық беріп, мал шалғанда азанмен жаңбыр құйып, күн күркіреген. Сонда бәріміз Құдайдың құдіретіне шүкір айтып, бар екеніне тағы бір көз жеткіздік. Одан кейін араға екі күн салып тура түстің уақытында аспаннан бір үйір қара бұлт келіп, нөсерін төгіп салды. Табиғаттың тосынын күтпеген біздер ұялы телефонға түсіріп, көрсетілімге жұртқа жарияладық. Таң қалысқан жұрт «қашан жаңбыр жауды» деп одан бетер таңданды. Осы уақытта Иіркөл ауылының жылқышылары тасаттық беріп жатыр деген хабар келді.
Ауыл жылқышылары Темірлан Серпенов пен Азамат Ахметбеков бастаған жігіттердің ұйымдастыруымен ауыл жұртына тасаттық берілді. Жаратқан жолына құрбан шалынып, Құран оқылды. Алдымен тасаттықтың жоралғысы бойынша ауыл имамы ірі қара малдың қанын суға ағызып, дұға жасады. Мұнан соң ауыл жамағатымен бірге намаз оқыды.
Ауыл сыртында берілген асқа тұрғындар түгел қатысты. Қатым Құран жасалып, елге уағыз айтылды. Ақсақалдар жағы осындай іске мұрындық болған азаматтарға батасын беріп, алғысын айтты.
Қуаңшылыққа ұшыраған Арал аймағының қазіргі жағдайы көпті алаңдатуда. Тартылған көлдерден су іздеп қаталаған сиыр, жылқылар жиегіндегі батпаққа батып, өлексеге айналып жатыр. Қазір Сыр жұрты Маңғыстау мен Арал халқына қолдан келгенше көмек ретінде жем-шөп жіберуде. Соның ішінде Иіркөл ауылы да игі іске өз үлесін қосуда.

Ерсін Әбләкиев
13 шілде 2021 ж. 1 052 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 053

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031