» » Аудан басшысы ардагерлермен кездесті

Аудан басшысы ардагерлермен кездесті

Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасымен бірге ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша үлес қосқан бірқатар ардагерлердің шаңырағында болып, баталарын алды.
Алдымен, Қармақшы ауданының құрметті азаматтары, ардагер-ұстаз 97 жастағы - Баймаханова Пал апай мен «Ғасыр кәсіпкері» іскер ұйымдастырушы 91 жастағы Махмудова Шынар апайдың үйіне барып, ізгі лебіздерін білдірді.
Сондай-ақ, тыл және еңбек ардагері, 97 жастағы абзал ана Кенбаева Алмагүл апайдың шаңырағына барып, жағдайын сұрап, жылы сұхбат құрды.
Ардақты ардагерлер өз кезегінде арнайы келген аудан әкіміне ризашылығын білдіріп, баталарын берді.


04 ақпан 2023 ж. 827 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 271
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 429

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30