» » Қылқалам өнерінің үздігі

Қылқалам өнерінің үздігі

qarmaqshy-tany.kz ДАНА ҚАЗАҚ «БОЛАМ ДЕГЕН БАЛАНЫҢ БЕТІН ҚАҚПА, БЕЛІН БУ» ДЕЙДІ. БОЙЫНДА БІЛІМІ МЕН ТАЛАНТЫ ҰШТАСҚАН ЖАС ӨРЕНГЕ ОСЫЛАЙ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІП, ҚАНАТЫН ҚОМДАҒАН. ЖАҚЫНДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «САМҒАУ» БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН-ДЫ. МАҚСАТЫ КЕЛЕШЕК ҰРПАҚТЫҢ РУХАНИ, МӘДЕНИ БІЛІМ АЛЫП, ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ БАСЫМДЫЛЫҒЫН НЕГІЗДЕЙ ОТЫРЫП, БҮЛДІРШІНДЕР МЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨНЕРІН ШЫҢДАУ, БАҒАЛАУ АРҚЫЛЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ КӘСІБИ ЖОБАЛАРҒА ШЫҒУЫНА ЖОЛ АШУ.

Түрлі жанр бойынша ұйымдастырылған байқау дәстүрлі және қашықтық форматта өтті. Оған ауданымыздан жас өнерпаз Әлімжан Нәсен онлайн қатысып, бейнелеу жанры бойынша бағын сынады. Нәтижесінде ІІ орынды жеңіп, аудан мерейін көтерді.
«Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшесінде күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер Күнсұлу Тәтеева қызмет алушы Әлімжанның сурет салу қабілетін байқап, осы байқауға өзі қатыстырған.
– Байқаудың халықаралық түрде қашықтан өтіп жатқанын теледидардан жаңалықтан көрдім. Жарнамасында дәстүрлі және қашықтан қатысуға болады дегенді байқап, көрсетілген байланыс нөмірі бойынша хабарластым. Қойылған талаптарына сай құжаттарды тапсырдым. Баланың сурет салу барысын бейнежазбаға түсіріп, сол жаққа жібердім. Бізге берілген тапсырма Тәуелсіздік тақырыбында бейнелеу. Әлімжан сол тақырып бойынша суреттер салып жіберді. Бірнеше күннен кейін қорытындысы шығып, қуанышты хабарға кенелдік. Осылайша қызмет алушым жүлделілердің қатарынан көрінді, – дейді ол.
Бүгінде Күнсұлу Қалтайқызының қарамағындағы төрт ерекше бала бар. Ол оларға әлеуметтік тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, мәдени, құқықтық, экономикалық және еңбек секілді арнаулы бағыт бойынша аптасына екі рет қызмет көрсетеді.
– Қарамағымда қызмет алушы Қырмызы, Нұриман, Байбек, Әлімжан есімді балалардың мен үшін өзіндік ерекшелігі бар. Олар өмірге құштар әрі ынталы. Мысалы Қырмызы өте бауырмал, атына заты сай сұлу. Байбек байсалды, шарлармен ойнап таза ауада серуендегенді жақсы көреді. Нұриман ішіндегі ең кішісі. Оның да тәтті қылығы адамды баурап тұрады. Ал Әлімжан суретке жақын. Ақ парағын алып, «Апай бүгін сурет салайықшы» деп отырады. Шабытын шыңдау мақсатында кешегі өткен байқауға қатыстырып, бағын сынадым. Еңбегі еш кетпеді. Арнайы дипломмен марапатталды. Алда тағы осындай шаралар ұйымдастырылса қатысамыз деген ниетіміз бар, – дейді әлеуметтік қызметкер.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
04 ақпан 2023 ж. 395 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№103 (10368)

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 179
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031