» » Жандос Еркінбек коммуналдық сала басшыларымен кездесті

Жандос Еркінбек коммуналдық сала басшыларымен кездесті

qarmaqshy-tany.kz Аудан әкімі Жандос Еркінбек жаңа технологиялармен жабдықталған «Жосалы» 220/35/10 кВ қосалқы станциясының жұмысымен танысып, ауданның коммуналдық сала басшыларымен кездесті.
Кездесу барысында аудандық электр тарату торабы, «Шиелі жарығы» ЖШС, «Октябрь топтық су құбыры» мекемесінің аудандық өндірістік бөлімшесінің және «Оқшау сумен жадықтау жүйелерін пайдаланушы» өндірістік бөлімшесінің басшылары аудандағы ауыз су мен электр желілерінің жай-күйі туралы баяндады.
Аудан басшысы өз кезегінде тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында коммуналық қызметтердің үздіксіз берілуін қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды қабылдау қажет екендігін жеткізді.
Сонымен қатар, Жосалы кентіндегі «Шығыс» каналын темірбетон лотокпен қаптау және «Қызылорда газ тарату жүйесі» мекемесінің №3 газ басқару пунктіне табиғи газ беру жұмыстарының барысын бақылады.
Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан жиі көтерілетін №250 мектеп-лицейінің автотұрағындағы жол қауіпсіздігі мәселесімен танысып, құқық қорғау органдарына қысқа мерзім ішінде жол кептелісін реттеу бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.

https://www.instagram.com/p/Cn3ZKDvqnki/?utm_source=ig_web_copy_link

26 қаңтар 2023 ж. 650 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

№89 (10457)

22 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 976
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 655

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031