Топ-баннер
Топ-баннер2
» » Кәсібінен нәсіп тапқан қызылордалық кәсіпкер

Кәсібінен нәсіп тапқан қызылордалық кәсіпкер


Жеңіл өнеркәсіп саласына сүбелі үлес қосып жүрген қызылордалық кәсіпкер Ғалым Прекешов 2013 жылдан бері құрылыс саласына қажетті бұйымдарды шығарумен айналысып келеді. Бүгінде өндіріс орны кеңейіп, күніне 500 қорғаушы каскасын шығарады. Мұнымен қоса кәсіпкер жақында 19 литрлік су бөтелкесіне арналған қақпақша шығаруды қолған алған. Қазіргі таңда шығарған өнімдеріне тұтынушылар тарапынан сұраныс артып, барлық өңірлерге тасымалдануда. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен арнайы баспасөз конференциясында кәсіпкер Ғалым Прекешов өз өнімдері туралы айтып берді.
-Бүгінде біздің қорғаушы каскаларымызды құрылыс саласына қатысы бар барлық компания қызметкерлері киеді. Бұл өнімнің сапасына 3 жылға дейін кепілдік беріледі. Жалпы жылдан-жылға бұл бұйымның саны артып, былтырдың өзінде 34 мың каска шығардық. Қазіргі таңда 10-ға жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етудеміз. Дегенмен, маусымдық кезеңде жұмыс күшін күшейтеміз. Алдағы уақытта екі ауысымнан үш ауысымға дейін жұмыс күніне ауысуды және өнім көлемін одан әрі арттыруды жоспарлап отырмыз. Ал су бөтелкелеріне арналған қақпақшалардың 2 түрі бізде өндіріледі. Күн сайын 10 мың қақпақша шығарудамыз. Бұл бұйымның шикізаты көршілес Ресей елінен тасымалданады және адам денсаулығына зияны жоқ, - деді кәсіпкер Ғалым Прекешов.

@Өңірлік коммуникациялар қызметі

24 қаңтар 2023 ж. 607 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 603
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031