» » Жергілікті өнімге сұраныс артуда

Жергілікті өнімге сұраныс артуда

ЖОСАЛЫ, 7 наурыз – qarmaqshy-tany.kz ӘЛЕМ УАҚЫТ КӨШІМЕН ЖЫЛДАМ ДАМУДА. МҰНДАЙ ҮДЕРІС БІЗДЕН ШАПШАҢДЫҚ ПЕН ЖЕДЕЛ БЕЙІМДЕЛУДІ ТАЛАП ЕТЕДІ. БҰЛ ҚАСИЕТТІ БОЙЫМЫЗҒА ДАРЫТПАСАҚ, КӨШ БАСТАҒАНДАРДЫҢ ЕМЕС, СОҢЫНДА ҚАЛҒАН ӘЛСІЗДЕРДІҢ ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛАМЫЗ. ҚАЗІР ЖАҺАНДАНУ ДӘУІРІ. МЫҚТЫЛАР ӘЛДЕҚАШАН АЛДЫҢҒЫ ШЕПТЕ БОЙ КӨРСЕТУДЕ. САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ БАРЛЫҚ ЖАҒЫНАН ІЛГЕРІЛЕУДЕ. ТЕК КӨШТЕН ҚАЛМАУ КЕРЕК.

   Шын мәнінде нарықтық қоғамда уақыт алтыннан да қымбат. Көштің ізімен жүрсек, тым ұзаққа кетеміз. Қайтпек керек? Әрине төте жол табу керек. Төртінші өнеркәсіптік революцияның талабы сол. Елді өрге сүйреген Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында төте жолдың он баспалдағын көрсеткен еді. Онда қоғамның барлық салаларын цифрландыру, заманауи технологияларды ендіру жайында кеңінен айтылды.
Нақты тапсырмадан соң еліміздің түкпір-түкпірінен жаңа өндіріс ошақтары ашыла бастады. Соның бірі – Жосалы кентіндегі «МиР-2001» ЖШС «Құрылыс құм-тас қоспасын фракцияларға бөлу» цехы.
   Жеке кәсіпкер Сейфолла Ажмолдаев 2017 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Байқоңыр филиалынан 15 млн теңге көлемінде несие алып, оған 30 млн теңге өз қаражатын салып, цехты іске қосты. Кәсіпкердің бұл жалғыз жобасы емес. Ол ашқан нысан бүгінде аудан жұртшылығын бетон бұйымдарымен, құрылыс құмымен қамтамасыз етіп отыр.
   Биыл өңірде айтулы бағдарлама шеңберінде 155,7 млн теңгені құрайтын 10 жобаны қаржыландыру жоспарланса, оның ішінде екеуі арнайы техника сатып алу мен жанар-жағармайдың айналым қаражатын толықтыру жобалары осы мекеменің еншісінде. Жаңадан кәсіп ашып, өз ісіне инновация енгізіп жүрген кәсіпкерлерді қолдау мақсатында мемлекет тарапынан жеңілдіктер жасалған. Яғни өнеркәсібін ұлғайту үшін оларды жер салығынан үш жылға дейін босатқан.
   – Индустриялдық аймақтың жалпы аумағы – 51 гектарды құрайды. Мұнда өнімнің бес түрі өндіріледі. Яғни тротуар плиткалар, брусчатка, қабырға блоктары, бордюрлар және құрылыс құмдары бар. Бағасы қолжетімді. Бүгінде өнімге сұраныс көп, – дейді аймақты таныстырушы.    Мұндағы өнімдерге іргелес жатқан аудандардан, тіпті өзге облыстан тапсырыс жиі түседі. Алдағы уақытта зауыттың өндіріс көлемі үлкейіп, 15-20 адамды жұмыспен қамтымақ.
   Ірі жобаны қолға алған кәсіп иесіне бүгінде кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінен қолдау тиісінше көрсетіліп тұр. Алдағы уақытта да кәсіпкерлікті дамыту мақсатында тың ақпараттарды түсіндіріп, шетелдерге көрмеге қатысуға мүмкіндік жасап, өнімдеріне сұраныс арттыруға қолдау білдіре бермек.

Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
07 наурыз 2020 ж. 685 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 043

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031