» » Күміс жас жобасы: 50-ден асқан азаматтарға қандай жұмыстар ұсынылады

Күміс жас жобасы: 50-ден асқан азаматтарға қандай жұмыстар ұсынылады

Kyzylorda-news.kz.  Елімізде 50 жастан асқан азаматтарға арналған жоба іске қосылды. Мақсат – зейнет жасына жақындап қалған жандарды қолдау және еңбекпен қамту. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова оларға қандай жұмыс ұсынылатыны жөнінде айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұған дейін «Күміс жас» жобасы 60 жастан асқандарға қарастырылып келді. Биылдан бастап 50 жасқа дейін төмендетілді. Осылайша, жобаға қатысушылар аясы кеңейтілді. Жалпы, жұмыссыздардың дені – үйде бала күтімімен отырып қалғандар немесе түрлі себептермен еңбек ету мүмкіндігі болмағандар. «Күміс жас» жобасының мақсаты – зейнет жасына жақындап қалған жұмыссыз азаматтарды қолдау. Біз оларға жеке көмекші, әлеуметтік қызметкер, атаулы әлеуметтік көмек бойынша немесе еңбекпен қамту орталықтарында консультант болуды ұсынамыз. Демек, әлеуметтік сала бойынша жұмысқа орналастырамыз, -
деді Тамара Дүйсенова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің сөзінше, ендігі уақытта «Күміс жас» жобасы аясында 50-ден асқан жандарға білім және денсаулық саласы бойынша бос жұмыс орындары ұсынылмақ.
Айта кетейік, «Күміс жас» жобасы кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр.
16 қаңтар 2023 ж. 342 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 526

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 597

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031