» » Әйелдердің зейнет жасын төмендету: Еңбек министрі белсенділермен кездесті

Әйелдердің зейнет жасын төмендету: Еңбек министрі белсенділермен кездесті

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 9 қыркүйекте "Әйелдердің зейнеткерлік жасын 58 жасқа дейін төмендету үшін Қазақстан әйелдері қозғалысының" белсенділерімен кездесті, деп хабарлайы Stan.kz ақпарат агенттігі. 



Кездесу барысында қатысушыларға зейнетақы аннуитетінің құнын айқындау кезінде пайдаланылатын параметрлерді қайта қарау бойынша Ұлттық банкпен бірлескен жұмыс басталғаны туралы хабардар етілді. Министрлік мәліметінше, аннуитет қазақстандықтар үшін әлдеқайда қолжетімді бола түспек. 
Сондай-ақ кездесуде Тамара Дүйсенова жоспарланған әйелдердің зейнеткерлік жасын 61 жас деңгейінде ұзарту туралы шешімді 2028 жылға дейін тоқтата тұру және кейінгі 3 жыл ішінде жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27% - ға арттыру мәселесі туралы айтты. 
Бұл өсім 2 млн. астам зейнеткерді, сондай-ақ 1998 жылға дейін еңбек өтілі бар болашақ зейнеткерлерді қамтитын болады.
12 қыркүйек 2022 ж. 1 141 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 044
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 645

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031