» » Тамара Дүйсенова президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Тамара Дүйсенова президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Тамара Дүйсенова Қазақстан президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Спутник Жаңалықтары.


"Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын", - делінген мемлекет басшысының жарлығында.
Ол 4 мамырда Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалған Аида Балаеваның орнына келді.

Тамара Дүйсенова туралы не білеміз?
Тамара Дүйсенова Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Әр жылдары жауапты басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі, жауапты хатшысы, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Nur Otan партиясының хатшысы қызметтерін атқарды.
2019 жылдың шілдесінен бүгінге дейін "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ-ның басшысы болды.

06 мамыр 2020 ж. 1 236 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 120

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930