» » Әсет Исекешев Тоқаевтың көмекшісі болып тағайындалды

Әсет Исекешев Тоқаевтың көмекшісі болып тағайындалды

Әсет Исекешев президенттің көмекшісі - Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болып тағайындалсын" - делінген хабарламада.
Әсет Исекешев 48 жаста. Отбасы, ұлы бар.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлейді, заңгерлік білімі бар.
Әр жылдары Исекешев экономика министрінің кеңесшісі, индустрия және сауда вице-министрі, сондай-ақ мемлекет басшысының көмекшісі қызметтерін атқарды.
Сонымен қатар, 2009-2010 жылдары Исекешев индустрия және сауда министрлігін, ал 2014-2016 жылдары инвестициялар және даму министрлігін басқарды.
2010-2014 жылдары ел премьер-министрінің орынбасары болды.
Исекешев екі жыл бойы Нұр-Сұлтан қаласын басқарды, кейін президент әкімшілігінің басшысы қызметіне ауысты.
Сонымен қатар, оның әскери шені бар: ол - запастағы лейтенант.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін президент көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметін атқарған Қалмұханбет Қасымов Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды.
17 қаңтар 2020 ж. 862 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 289
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 441

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30