» » «Күміс жас» жобасына кімдер қатыса алады?

«Күміс жас» жобасына кімдер қатыса алады?

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнет жасына дейінгі азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған «Күміс жас» жобасына қатысу кезеңі мен субсидия мөлшері ұлғаяды деп хабарлады turkystan.kz.
Аталған жобаға 50 жасқа толған қазақстандықтар 3 жылға дейін қатыса алады.
Жобаны іске асыру шеңберінде жұмыс берушілер мемлекеттен белгіленген жалақы мөлшерінің 50%-ына субсидия ала отырып, зейнет жасына дейінгі (58 жастан бастап) адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын құрады. Жұмыстың ұзақтығы 12 айдан аспайды.
Келер жылдан бастап жобаға қатысушылар контингентіне 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар кіреді. Қатысу мерзімі (36 айға дейін) мен жалақы бойынша субсидия мөлшері ұлғаяды.
Субсидиялар мөлшері: жұмыстың бірінші жылында жалақы мөлшерінің 70%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), екінші жылында жалақы мөлшерінің 65%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын), үшінші жылында жалақы мөлшерінің 60%-ын (бірақ 30 АЕК-тен аспайтын) құрайды.
Айта кетсек, «Күміс жас» жобасы аясында жыл сайын кемінде 15 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған.
21 желтоқсан 2022 ж. 751 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 108
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 309

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031