» » Құқық бұзушылықтың алдын алу, тақырыбында білім алушылардың ата-аналарымен кездесу жиыны өтті

Құқық бұзушылықтың алдын алу, тақырыбында білім алушылардың ата-аналарымен кездесу жиыны өтті

qarmaqshy-tany.kz  21.12.2022 жылы Жосалы кенті орталығындағы №30 орта мектепте Қармақшы ауданының Полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі Ювеналды полиция тобының инспекторы полиция капитаны Р.Әбдірахманов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Д.Байрахметов және мектеп директоры Б.Дүйсенбаевтармен білім алушылардың ата-аналарымен кездесу жиыны өткізілді.
Жиында ата-аналарға аудан көлеміндегі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың статистикасына тоқталып, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды шарттарының бірі екенін, заңды, әлеуметтік пайдасы бар қызметке және қоғамға шынайы көзқарасын қалыптастырып, жас ұрпақты қылмыстық әрекетке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу заман талабы екенін жеткізді. Әрбір ата-ана балалардың әсіресе түнгі мезгілде көшеде бей-берекет жүрмеуіне бақылау жасауды сұрады. Баланың жақсы тәлім-тәрбие алуы отбасынан басталатынын, баланы мүлдем қадағалаусыз қалдырмауды айтты. Бала болған соң қызығушылығы қатар жүреді. Сондықтан балаларымыздың қолындағы ұялы телефонын мұқият қадағалауымыз қажет баламыздың қолындағы ұялы телефонына әлеуметтік желі арқылы түрлі ойындарды жүктеп алған болса, балаға ойынның себеп-салдарын түсіндіру керек. Баланың өмір қауіпсіздігін сақтауда барлығымыз жауаптымыз. Ең бірінші ата –ана. Сол себепті баланың заңды өкілі ата-ана болғандықтан, оның заңға қайшы әрекеттеріне ата-ана жауапты екендігін ескертті.
Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженерімен төтенше жағдайларды болдырмау, алдын алу мақсатында барынша қауіпсіздік шараларды сақтау яғни мұз айдындындарына бармау, пиротехникалық заттарды балаларға алып бермеу жөнінде ата-аналарға түсіндірме жасалды.

Қармақшы ауданының Полиция бөлімі
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі

22 желтоқсан 2022 ж. 243 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (10304)

18 мамыр 2024 ж.

№38 (10303)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (10302)

11 мамыр 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031