Ұландары ұлы елдің!
qarmaqshy-tany.kz Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Балалар жылын жариялауына байланысты өскелең ұрпақты қорғау, балаларға бақытты балалық сыйлау, «Жас ұлан» ұйымының жұмыстарын таныстыру, жандандыру мақсатында осы жылдың 8 желтоқсан күні Байқоңыр қаласындағы No277 мектеп-лицейінде аудандық «Жас ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен «Ұланымыз ұлы елдің!» атты салтанатты жиыны өтті.
Салтанатты жиынға құрметті қонақтар, тәлімгерлер және 300-ге тарта жасұландықтар қатысты. Қонақтар қатар ында аудандық білім бөлімінің әдіскері Ақтолқын Тоқшылықова, аудандық оқу шылар үйінің директоры Индира Әбдібекова, Байқоңыр қалалық білім беруді дамыту секторының әдіскері Ақайша Есенгелдинова және Байқоңыр, Төретам, Ақай аймағының мектеп директорлары болды. 14 мыңға жуық мүшесі бар аудандық «Жас ұлан» ұйымының қатары оқуда озат, түрлі байқаулардың жеңімпаздары атанып жүрген 100 оқушымен толықты. Іс-шара барысында «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Республикалық қоғамдық бірлестік төрайымы Динара Сәдуақасова ұландарға видео арқылы ыстық лебізін білдіріп, форум жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету мақсатында «Қайырымдылықпен қадам басамыз!» акциясын ұйымдастырған Сыр ұландарына Қостанай облысы Қазақстан халқы ассамблеясының Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Айжан Кішкентаева алғысын жолдады. Жиын соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Мерекелік шарада өнерлі ұландар өз өнерлерімен көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. "Балалар жылы" аясында жылдық акцияға белсене қатысқан жас ұландар және «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмысын жандандырып, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге ерекше үлес қосқан тәлімгерлер республикалық, облыстық «Жас ұлан» ұйымының және аудандық білім бөлімінің дип ломдарымен марапатталды. Салтанатты жиынның жоғары дәрежеде өтуіне «AMANAT» партиясы аудандық филиалы қолдау білдіріп, демеушілік жасады.
Марал АЙМАХАНОВА,
аудандық оқушылар үйінің бұқаралық-ұйымдастыру
бөлімінің жетекшісі