» » Құрметті қармақшылықтар! Иіркөл ауылының халқы!

Құрметті қармақшылықтар! Иіркөл ауылының халқы!

qarmaqshy-tany.kz Тәуелсіздік. Бұл ұғымға батыр халқымыз жаулардан қорғап қалған Қазақ елінің дарқан даласы, азаттық үшін күресте төгілген бабаларымыздың қаны, аналарымыздың жасы, ұлтымыздың қасиетті тілі, салт-дәстүрі саяды. Ата-бабаларымыз бізге аманат еткен баға жетпес байлығымыз, асыл мұратымыз осы тәуелсіздік.
Тәуелсіздіктің арқасында Қазақстан барлық биік шыңдарды бағындырып, әлемнің дамыған мемлекеттерімен терезесі тең ел болды десек, артық айтқанымыз емес. Ел тәуелсіздігі – халқымыздың өз алдына дербес мемлекет болуы, баба арманының орындалуы, ата-әжелеріміздің қайғысыз көңілі, балаларымыздың риясыз күлкісі, тұтас елдің береке-бірлігі, тыныштығы. Барша аудан халқын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтай отырып, еліміздің кемел келешегін нығайту жолындағы еңбектеріңізге табыс, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, саналы, дені сау ұрпақ, бақ-береке тілеймін! Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы, егемен еліміздің ұрпағының еңсесі биік, көк аспанда қасиетті көк туымыз мәңгі желбіресін!
Ізгі ниетпен құттықтаушы Иіркөл ауылдық округінің
әкімі Жағыпар ТӨЛЕГЕНОВ
16 желтоқсан 2022 ж. 374 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10391)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (10390)

29 наурыз 2025 ж.

№21 (10389)

23 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 565
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930