Құрметті жерлестер! Төребай би ауылының тұрғындары!
qarmaqshy-tany.kz Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік те Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ қандастарымыз үшін де маңызы зор мереке. Алыста, ата жұрттан жырақта жүрсе де Қазақстан үшін алаңдайтын, еліміздің болашағына біркісідей зор үмітпен қарайтын қандас бауырларымыз бұл күнді қалпақтарын аспанға лақтыра қуанып атап өтеді.
Бүгін бабаларымыз жүздеген жылдар бойы армандаған тәуелсіздік күні. Осынау мерекемен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Қадірлі де қастерлі мерекенің мәні жоғары, мағынасы тереңде. Мұнда қазақ халқының тар жол, тайғақ кешудегі тарихи тағылымды ізі жатыр. Талай нәубетті басынан өткізген халқымыз бұл күнге оңай жеткен жоқ. Мерекеде еліміздің аспаны ашық, керегесі кең болсын. Отанымызда орнап тұрған тыныштық пен берекенің ғұмыры ұзақ болсын! Барша аудан тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, әрбір отбасыға амандық, саулық, бақыт пен шаттық тілеймін.
Ізгі ниетпен Жосалы ауылдық округінің
әкімі Әлімбай БІЛЖАНОВ