» » Желтоқсаншылармен жылы жүздесу

Желтоқсаншылармен жылы жүздесу

qarmaqshy-tany.kz Шамшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде ақиқатын ардақтап, рух тегін салмақтаған, ұлтым деп теңдік үшін жан берген жасампаздарды ұлықтаған, тарихын тұмар жүректей қастерлеп, Желтоқсанда от болып алаулаған батыр ағаларымыз бен апаларымызбен кездесу кеші болып өтті.

Желтоқсан оқиғасына қатысқан батырларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа насихаттау үшін ұйымдастырылған кездесу кешіне аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлы, сондай-ақ Желтоқсанға қатысушы бірқатар азаматтар арнайы қатысты.

Әділетсіздіктің ажал құрсауына төзбеген, намыс пен арды көздеген, антына адал Желтоқсан оқиғасына қатысушылар Әбдіғұлов Мырзағұл, Шыныбаев Нұрман, Шәймерденов Ерік, Бисенбаев Ерлан және желтоқсан оқиғасының құрбаны Әбдіқадыров Берікболдың жұбайы Сетенова Ләззат апайларымыз қатысып, тарихи оқиғаға қатысты қиын сәттерді еске алып, желтоқсаншы сол кездегі жастардың жанқиярлық ерліктерімен бөлісті.
Шараның соңында аудан әкімінің орынбасары батырларымызға ыстық лебізін білдіріп, сый-сияпатын көрсетті.

15 желтоқсан 2022 ж. 668 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 115
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 703

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031