Құрылтай
» » Тәуелсіздік – мәңгі елдің тұғыры

Тәуелсіздік – мәңгі елдің тұғыры


А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектепте тарих апталығының жоспарына сәйкес оқушыларымызға Желтоқсан оқиғасының маңыздылығын және тарихымызда алатын ерекшелігін көрсету мақсатында желтоқсан оқиғасына қатысқан жерлестеріміз Тобжанова Жұмагүл мен Рысбаева Аманкүл апайлармен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында қонақтарымыз оқушыларға Желтоқсан оқиғасының басталуы, мақсаты және нәтижесі туралы әңгімелеп, оқушыларымызды қайсарлыққа, батырлыққа, елін сүйетін азамат болып өсуге шақырды. Нағыз сапалы білім алып, болашақта елін қорғайтын білімді болуға тілектерін жеткізді. Өз кезегінде оқушыларымыз қонақтарға сұрақтарын қойып, мазмұнды сыр-сұхбат өткізілді. Кездесу соңында оқушылар патриоттық өлеңдерін арнап, №105 мектеп-лицей директоры Г.Еркебаева кездесуге келген қонақтарға алғысын білдірді.
Алдағы уақытта да оқушыларға рухани-патриоттық тәрбие берудегі іс-шаралар жалғасын табатын болады.
13 желтоқсан 2021 ж. 701 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 592
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 053

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31