» » ТӘЛІМІ БӨЛЕК КЕЗДЕСУ

ТӘЛІМІ БӨЛЕК КЕЗДЕСУ

Жуырда  Омар Шораяқұлы атындағы №30 орта мектеп пен Ахметжан Жанпейісов атындағы №105 және КСРО Батыры Тәйімбет Көмекбаев атындағы №250 орта білім беру ордаларында оқушылар қармақшылық желтоқсаншылармен кездесу өткізді.


Шарада мектеп басшылары Бауыржан Дүйсенбаев пен Гүлжаһан Мұнарбаева, Гүлзира Еркебаева және аудандық білім бөлімінің әдіскері Ақтолқын Тоқшы­лықова­­лар қонақтар мен оқушы­лар­ды төл мерекемен құт­тықтап, Жел­тоқсан оқиғасының қазақ ұлтына әкелген қасіретіне, қазақ жас­тарының билікке қарсы өткізген бейбіт шеруі барысында көрсеткен ерлікті істеріне, сондай-ақ тәуелсіздік аясында аудан халқының әлеуетін арттыруға байланысты атқарылған жұмыстарға тоқталды. Ұстаздар қауымы мен шәкірттердің биылғы оқу жылында қол жеткізген жетістіктері жайлы әңгіме өрбітті.

Содан соң кеш қонақтары, 1986 жылдың 17-18-желтоқсанында Алматы қаласындағы орталық алаңда қазақ жастарының КСРО Үкіметінің солақай саясатына қарсы шыққан жерлестеріміз Мұхит Қыпшақбаев, Айдос Ниязова, Аманкүл Рысбаева, Жұмагүл Тобжанова, Ақжамал Бұйрабаева  және оқиға куәгері Қорқыт ата мемориалдық кешенінің ғылыми  қызметкері Мағауия Әлиевтер оқиға жайлы естеліктер айтты.

Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».
04 қаңтар 2019 ж. 2 182 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 339
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 118

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930