» » Желтоқсаншы жандар жадымызда

Желтоқсаншы жандар жадымызда

qarmaqshy-tany.kz Көшеней Рүстембеков атындағы Жыраулар үйінде ақиқатын ардақтап, рух тегін салмақтаған, ұлтым деп теңдік үшін жан берген жасампаздарды ұлықтауға арналған рухнама кеші өткізілді.

Желтоқсанда от болып алаулаған қайсар қазақ қыздарының ерлігін насихаттауға арналған тағылымды іс-шара «Емірен, жүрек, ел, байрақ» деп аталды.

Қасіретті желтоқсан оқиғасында қазақ қыздары әділетсіздіктің ажал құрсауына төзбеген, намыс пен арды көздеген, иба-ізет қасиетін керек кезде айбын мен қайсарлыққа айырбастаған, антына адал арулардың бүгінде ерліктері айтылып, кейінгі ұрпаққа насихатталды.

Қалалық жастар тетарының әртістерінің (жетекшісі Оңталап Нұрмаханов)көрермен көзіне жас үйірген қойылымымен басталған іс-шараға ҚР еңбегі сіңген қайраткер Рамазан Тайманов, Облыстық Әйелдер Кеңесінің төрайымы Райкүл Байназарова және Желтоқсан оқиғасына қатысқан бірқатар азаматтар қатысып, жас буын өкілдерімен әсерлі естеліктерімен бөлісті.

Аталмыш кездесу кешінде аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлы сөз алып, бұл кездесудің ұлт санасында, рухты жылдардың, оның ішінде қазақ қыздарының әділет туын жан жүрегінде желбіреткенін ұмытпау, ерліктерін ұлықтау ниетімен өткізілген игі бастама екендігін айтып, осы шараны ұйымдастырушыларға арнайы алғысын жеткізді.

Жаңа Қазақстанның негізгі мақсаты әділеттен аттамау, әділетті қоғам құру болса, әділет үшін күрескен қазақ қыздарының есімін кеңінен ұлықтау мен насихаттау жұмыстары алдағы жылдары да өз жалғасын таба беретіні анық.

15 желтоқсан 2022 ж. 441 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10439)

20 қыркүйек 2025 ж.

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 472
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 276

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930