» » Облыстық жыршы - жыраулардың жыр фестивалі өткізілді

Облыстық жыршы - жыраулардың жыр фестивалі өткізілді

Бүгін аудандық мәдениет үйінде Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысының ардагері, мемлекет және қоғам қайраткері Әбдіраш Іскендірұлын еске алуға арналған облыстық жыршы - жыраулардың жыр фестивалі өткізілді.
Қармақшы елінің киелі топырағынан бойына өнер мен өрлік, батырлық пен мәрттік біткен талай бабаларымыз өткен. Осындай батырлықтың биігіне байрақ қалаған батырларымыздың бірі Әбдіраш Іскендірұлы еді. Ұрпаққа үлгі боларлық істерін және жасаған ерлігін насихаттап ұрпаққа жеткізу мақсатында өткізілген Әбдіраш Іскендірұлын еске алуға арналған облыстық жыршы - жыраулардың жыр фестиваліне жыраулар Бидас Рүстембеков, Қасарбек Кәрібаев, Арнұр Көшеней, Серік Жақсығұлов, Болат Баймұратов, Әділхан Қуаңбаев, Әйгерім Ешбаева, Ахметов Руслан, Нұрай Өркенбек, Бексұлтан Орынбасаровтар өз өнерлерін паш етіп, халықтың ыстық ықыласына бөленді. Фестивалге қатысқан барлық жырауларға Әбдіраш Іскендірұлының отбасы тарапынан қаржылай сый-сыяпат көрсетілді.

16 қыркүйек 2022 ж. 728 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031