» » Мұз қаупінен байқас болайық

Мұз қаупінен байқас болайық

qarmaqshy-tany.kz Қоңыр күз кетіп, аязын арқалап қыс та келді. Бұл мезгілде ауа температурасы құбылмалы. Күннің күрт жылынуы немесе бірден салқындап кетуі де ғажап емес. Осының әсерінен қыс мезгілінде су арналары мұзға айналады. Ал құбылмалы ауа райы мұздың бірқалыпты болмауына әкеп соғады.

Сандарды сөйлетсек, жыл сайын республика көлемінде 500-дей адам суға батып ажал құш са, солардың басым бөлігі – жұқа мұз құрбандары екен. Оның арасында балалардың да үлес салмағы басым. Мәселен, осы кезеңдегі қалыңдап үлгермеген мұз – нағыз қауіп-қатер зонасы. Алда-жалда бейқамсыздықтан мұз үстіне шығып, қауіпсіздік ережесін сақтамау кез келген адамның басына қайғы төндіреді, төтенше жағдайлардың орын алуына себепші болады. Осындай қауіптің алдын алу үшін Иіркөл ауылындағы No106 орта мектептің АӘТД пәнінің мұғалімі Жалғасбек Ахметов «Абайлаңыз, жұқа мұз» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Басты мақсат – оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау. Оқу- шыларға қайғылы жағдайға ұшырамас үшін қыс мезгілінде өзен, көл, каналдарға барып өздігінен сырғанақ теппеу қажеттігі айтылып, қауіпті жағдайлардан қорғану туралы ақпараттар берілді.
Енді ғана қатқан су айдынында болу өте қауіпті екендігін ешқашан ұмытпау керек. Алғашқы мұзға шығуға асықпаған жөн. Өйткені олардың ернеулері берік, орнықты болып көрінгенімен, не- гізінде ересек адамды ғана емес, кішкентай бүлдіршінді де көтере алмайды. Су айдынында мұздың қалыңдығы барлық жерінде бірдей болмайды. «Сақтансаң, сақтаймын» дегендей, қауіптің алдын алып, қауіпсіздік ережесін қаперге алып жүрейік.
Р.ӘБДІҚАЛЫҚОВА,
No106 мектептің кітапханашысы
11 желтоқсан 2022 ж. 439 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 331
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031