» » Белсенді азаматтар марапатталды

Белсенді азаматтар марапатталды

qarmaqshy-tany.kz Аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов еліміздегі ең жауапты әрі маңызды науқан 20 қараша күнгі Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуде қоғамдық белсенділік танытқан азаматтарды қабылдады.

Ең алдымен аудан әкімі еліміздегі саяси науқанда қоғамның пайдасы үшін жұмыс жасаған азаматтарға ҚР Президентінің және облыс әкімінің алғысын жеткізді.

Сонымен қатар аудан әкімі өз сөзінде саяси науқанда белсенділіктің жаңа деңгейін көрсеткен, сол жемісті жұмыстарыңыздың нәтижесінде Қармақшы ауданы тұрғындарының басым көпшілігінің сайлауға қатысып, өз дауыстарын бергендігін айтып, бүгінгі жиынның негізгі мақсаты жауапты кезеңде тыным таппай жасаған жұмыстарыңызға алғыс білдіру деп біліңіздер және алдағы уақытта да белсенді азаматтық ұстанымдарыңызды еліміздің саяси дамуына жұмсап, аудандағы әрбір шараға бастамашыл боласыздар деген үлкен сенімін жеткізе білді.

Сондай-ақ салтанатты шарада ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков және аудандық мәслихат хатшысы Әділ Қошалақов сөз сөйлеп, өткізілген сайлаудың еліміздің одан әрі дамуына, әл-ауқатының артуына үлкен септігін тигізетінін айта келе, осы саяси науқанды өткізуде қоғамдық белсенділік танытқан азаматтарға өзіндік алғыстарын білдірді.

Шара соңында аудан басшысы саяси науқанды ұйымдастыру барысында бір кісідей жұмылып, аянбай қызмет етіп, табандылық танытқан белсенді азаматтарды ҚР Президентінің және облыс әкімінің сондай ақ аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады.

09 желтоқсан 2022 ж. 333 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (10466)

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 153
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 796

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031