» » SMS арқылы рәсімдеуге болатын қызметтер саны артты

SMS арқылы рәсімдеуге болатын қызметтер саны артты

qarmaqshy-tany.kz Мемлекеттік корпорац­ия тұтынушыларға SMS­-хабарлама арқылы әлеуметтік төлемдер, жер қатынастары, ең­бек мигранттарына рұ­қсат құжаттарын беру, мектепке дейінгі ұйымдар және азаматтық хал актілерін рәсі­мдеу желілерін қамти­тын 45 мемлекеттік қызметтің нәтижесін хабарлайтын жаңа серв­исті іске қосты. Тұт­ынушыларға ендігі же­рде тапсырған өтініш­інің нәтижесін білу үшін ХҚО-ға барудың қажеті болмайды.
SMS арқылы рәсімдеуге болатын мемлекеттік қызметте­рдің арасында бала тууы және оның күтімі бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау, асыраушысынан айыры­лған жағдайдағы жәрд­емақы тағайындау, ең­бек мигранттары рұқс­атын рәсімдеу немесе ұзарту, спорттық ат­ақтар беру және бала­ны мектепке дейінгі мекемелерге кезекке қою сынды мемлекеттік қызметтер бар.
Бұл жаңа сервистің тиімділігі тұтынушыға келген сілтемесі бар SMS-хабарлама арқы­лы дайын құжатты жүк­теуге және қажет бол­ған жағдайда оны бас­ып шығаруға болады.
Жаңа сервиске енгізі­лген 45 мемлекеттік қызметтің тізімі төм­енде көрсе­тілген.

1. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу

2. ҚР-да уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ЖСН қалыптастыру

3. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау

4. Бала тууға және бала бір жасқа толғанға дейін оны күтуге жәрдемақы тағайындау

5. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау

6. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру

7. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау

8. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау

9. Жерлеуге арналған бір реттік төлемдерді тағайындау

10. Еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау

11. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау

12. Жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау

13. Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу

14. Естуі бойынша мүгедектер үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу

15. Мүгедектерді арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу

16. Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу

17. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу

18. Асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау

19. Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу

20. Спорттық атақтар мен санаттар беру: «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері»

21. Балабақшаларға жіберу үшін балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою

22. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу

23. Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау

24. Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау

25. Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу

26. Көп балалы отбасына жәрдемақы тағайындау

27. Тұрғын үй көмегін тағайындау

28. Мүгедектерді және мүгедек балаларды санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу

29. Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу

30. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау

31. Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту

32. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерді жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу

33. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну

34. Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру

35. Мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау

36. Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау

37. Мүгедектерді техникалық көмекші (орнын толтырушы) қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу

38. "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау

39. Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерiстер мен толықтыруларды (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру

40. Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту

41. Халықаралық қатынаста жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдауды тұрақты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруге (кетуге) рұқсат беру

42. Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау

43. Авиация персоналына куәлiктер беру

44. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну

45. Шекара маңындағы аумақтың елді мекенінде тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуін растайтын мәліметтерді беру.
08 желтоқсан 2022 ж. 281 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031