» » «Мобильді ХҚО» қосымшасының мүмкіндігі кеңеюде

«Мобильді ХҚО» қосымшасының мүмкіндігі кеңеюде

qarmaqshy-tany.kz Халыққа тиімді мүмкіндікті арттыру мақсатында Мемлекеттік корпорация ХҚО-ға баруды қажет етпейтін мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімді және ыңғайлы амалын қолданысқа енгізді. Соның бірі, жеке және заңды тұлғалар үшін «Мобильді ХҚО» қосымшасында ЭЦҚ алу қызметі. Бұл қызмет түрін алу үшін «Мобильді ХҚО» қосымшасына кіріп «бейнеқоңырау» батырмасын басу арқылы ХҚО операторымен байланысып, жеке куәлік пен SMS арқылы келген кодты айтып, өтінім бересіз. Сондай-ақ, аталған қосымшада баланың тууына және бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем тағайындау, көп балалы отбасына жәрдемақы тағайындау, жерлеуге арналған бір реттік төлемдерді тағайындау, тұрғын үй көмегін тағайындау, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын және жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортының телнұсқасын беру, қандас мәртебесін беру немесе ұзарту және басқада көп сұранысқа ие қызметтер бар. Сонымен қатар, бейнеқоңырау арқылы қызмет алу барысында баж салығын бірден төлей алады.
08 желтоқсан 2022 ж. 907 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 108
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 309

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031