» » Салық төлеушілердің назарына

Салық төлеушілердің назарына

САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!
ҚҰРМЕТТІ ЖОСАЛЫ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
Елімізде 2022 жылдың 1 қазанында жеке тұлғалардың 2021 жылға арналған мүлік және жер салығын төлеу мерзімі аяқталады.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғалардың меншік құқығына тиесілі жер учаскелері және жылжымайтын мүлік бойынша салықтар бірыңғай мүлік салығы болып біріктірілген болатын.
Сондықтан қазір жеке тұлғалар мүлік пен жер салығы үшін бір соманы төлейді. Ал көп қабатты үйлердің тұрғындары тек қана мүлік салығын төлейді.
Салық сомасын қайдан көруге болады:
Мүлік салығының сомасын "E-salyq Azamat" мобильді қосымшасында, сондай-ақ Kaspi.kz және Homebank банктерінің мобильді қосымшаларында kgd.gov.kz "Алдағы төлемдер" сервисінен білуге болады. Сол жерде бірден төлем жасауға мүмкіндік бар.
Бұдан басқа, салық салу объектілері бойынша ақпаратты "E-salyq Azamat" мобильді қосымшасының "Салық әмияны" бөлімінде көруге немесе Жосалы кенті әкімшілігіне хабарласуға болады.
Жеке тұлғалар салықты келесі жолдармен төлей алады:
- Екінші деңгейдегі банктердің филиалдарында немесе төлем терминалдарында қолма-қол ақшамен;
- Банкоматтар мен төлем терминалдарында банк карталарын пайдалану арқылы;
- «Қазпочта» АҚ филиалдары арқылы төлеуге болады.
- Сонымен қатар, смарт телефоннан Kaspi.kz және E-salyq Azamat мобилді қосымшасы арқылы үйде отырып-ақ төлем жасауға болады.
Төлемдер уақытында төленбеген жағдайда ҚР Салық Кодексінің («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы») талаптарына сай өсім (пеня) есептелетінін ескертеміз.
Жосалы кенті әкімнің аппараты
Мекен жайы: Жосалы кенті, Қорқыт ата көшесі,№1 үй
Байланыс телефон: 2-23-77

13 қыркүйек 2022 ж. 573 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930