» » Салықты үйде отырып төлеңіз

Салықты үйде отырып төлеңіз


Мемлекеттік кірістер комитетімен салық төлеушілердің салықтық әкімшіліктендіруді жеңілдету бағытында «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы іске қосылды. Жергілікті салық органы көрсететін электронды қызметінің барлығы дерлік аталған қосымшада жүктелген.
Мемлекеттік қызметкерлерге және олардың жұбайларына активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны салық органына бармай-ақ, аталған бағдарлама арқылы табыстауға мүмкіндік береді. Ол үшін электронды-цифрлы қолтаңба болуы да міндетті емес, бар болғаны сіздің телефон номеріңіз Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы өз атыңызда тіркеуде тұрса жеткілікті.
Сонымен қатар, салық органына келу уақыты мен күнін онлайн брондасаңыз болады.
Бұл мобильді қосымшаның басқа мобильді банкинг қызметін көрсететін бағдарламалардан артықшылығы – бағдарламадағы көп адамға түсініксіз мәліметтерді толтырмай-ақ жер, мүлік, көлік құралы салықтарын оңай төлеуге, және де қате төленген төлемдерді үйден шықпай-ақ басқаруға мүмкіндік береді. Ол үшін «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасындағы салық әмиянын толтырып қойсаңыз болды.
Атыңыздағы мүліктің салығы қанша теңге болатынын бағдарламадағы электронды калькулятор арқылы оңай есептесеңіз болады. Сонымен қатар, салық берешегінің бар немесе жоқ екендігі жөнінде тез әрі нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Аталған бағдарламаны «AppStore» немесе «PlayMarket»-тен жүктеп алсаңыз болады.

19 сәуір 2021 ж. 1 096 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 043
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 711

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031