» » Кәсіпкерлік салада өсім – 120,6 %

Кәсіпкерлік салада өсім – 120,6 %

qarmaqshy-tany.kz Дамыған елдерде экономиканың қозғаушы күші бизнес екені белгілі. Шағын және орта бизнес қарыштап, дамыса, халық кәсіппен шұғылдануға бейімделсе, мемлекеттің де өсіп өркен жаяры анық. Бүгінде ауданда бәсекеге қабілетті, жан-жақты кәсіпкерлердің қатары көбейіп келеді.
Жыл басынан бері аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінде қолға алынған шара көп. Рас, аудан да кәсіпкерлік кеңінен қанат жайып келеді. «Кәсіп – түбі нәсіп» дейді дана қазақ. Ал мемлекетімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталып жатқан мемлекеттік бағдармалар да аз емес. Осы жобалар негізінде талай жанның жолы ашылып, бизнесте бағы жанып, өз кәсібін дөңгелетіп отырғандар қаншама?!
Биыл аудан бойынша (Байқоңыр қаласын қоспағанда) 4032 кәсіпкерлік субъекті бар. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ауыз толтырып айтарлықтай өсім бар – 120,6%. Оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілер саны – 3 713.
Ақтөбе және Ақжар ауылынан басқа елді мекендерде өткен жылмен салыстырғанда кәсіпкерлік нысандар көптеп ашылған. Ауданда жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілердің саны жалпы тір келгендер ішіндегі үлесі бойынша 92,1%-ті құрайды.
Биыл ІІ тоқсан бойынша шағын және орта кәсіпкерліктегі жұмыспен қамтылғандар саны 5 022 адамды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 100%-ті құрап отыр. Ал шығарылған өнім көлемі 4,4 млрд теңгені құрап, 90,1%-ке орындалды.
– Ағымдағы жылдың 10 айында аудан бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,9 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 109,3%-ке, ал өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемі 3,2 млрд теңгені құрап, 110,7%-ке орындалды. Жыл қорытындысымен өнеркәсіп өнімі 102,3%-ті өңдеу өнеркәсібі 105,7%-ті құрайды деп болжап отырмыз. Өнеркәсіп өнімінің көлемін негізінен өңделген күріш құрайды. Статистикаға сәйкес, өткен жыл көлемінде 8 875 тонна күріш өңделген болса, осы жылдың 10 айында 10 163 тонна күріш өңделген (бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 145,4%-ті құрады). Кәсіпорындармен ІІІ тоқсанда тапсырған 600 тоннаға жуық өңделген күріш көлемін жыл соңына дейінгі есепке алынатын резерв ре- тінде қарастырып отырмыз, – дейді бөлім басшысы Біржан Өмірзақов.
Жыл басынан бері мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 111 жобаға 1,9 млрд теңге несие, 504 жобаға 608,6 млн теңгенің гранттары берілді. Атап айтқанда, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» («Бизнестің жол картасы – 2025») шеңберінде құны 726,6 млн теңге болатын 58 жоба несиелендірілді, 1 жобаға 5 млн теңгенің гранты берілген. «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы шеңберінде құны 94,3 млн теңге болатын 16 жоба, «Атамекен» микроқаржы ұйымы арқылы жалпы құны 59,3 млн теңге болатын 15 жоба, аграрлық несие корпорациясының «Іскер» бағдарламасының шеңберінде 13 жоба 60,1 млн теңгеге несиелендірілсе, «Агробизнес» бағдарламасы шеңберінде 978,2 млн теңгеге 9 жоба қаржыландырылған.
«Ұлттық жоба» бағдарламасы шеңберінде әлеуметтік әлсіз топтар санатына кіретін жұмыссыз 503 азаматтың бизнес бастамаларына 603,6 млн теңгенің гранты берілген. Сонымен қатар «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығының» (РИЦ) Бақылау Кеңесіне ұсынуға жалпы құны 185,0 млн теңге болатын 31 жоба іріктелді.
Жыл басынан бері Жосалы кентінде Шолпан Махмутованың «Шынар ана» автобекеті, «Әмбебап» ЖШС-нің «Ғибрат ас үйі» мейрамханасы, Нағима Тоқсанбаеваның жеміс-жидек пен көкөніс сататын сауда үйі, Ерлан Нағашыбаевтың фотостудиясының құрылысы аяқталып, іске қосылды. Мұнан өзге бірқатар кәсіпкерлік нысандардың құрылысы басталды. Атап айтар болсақ, Абай Маратовтың көлік жуу орталығы, Нұрлыбек Өтегеновтің дүкен және сұлулық салоны, Рауа Бұйрабаеваның балабақшасы, Мейрбек Сыдықовтың тез тамақтанатын кафетерийі, Тұрар Нұртазаеваның жол бойындағы санитарлық-гигиеналық торабы, Айна Тұрғанованың сауда орталығы, «Бибінұр базарының» ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары, Дина Серікбаеваның кәсіпкерлік нысаны, мен Гүлнар Серікбаеваның көлік жуу орны. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер Нағима Тоқсанбаева Жосалы кентіндегі «Таңсықбай» базарын сатып алып, заманауи үлгіде сауда орталығының құрылысын бастауға дайындық жұмысын жүргізуде. Жоспарға сәйкес, құрылыс жұмысы келер жылдың І тоқсанында басталады деп жоспарлануда.
Иә, кәсіп етемін деген жанға мүмкіндік көп. Бөлімнің жүйелі жұмысының әрі жас кәсіпкерлердің ізденімпаздығының арқасында кәсіпкерліктің тынысы кеңейіп, өрісі ашылуда.
Батыс елдері бизнесті өнер деп бағаласа, шағын бизнесті өсу үстіндегі балаға теңейді. Жалпы, әлемдегі өркениетті елдердің қай-қайсысын алып қарасақ та өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешу үшін кәсіпкерлікке арқа сүйейді.
Жалпы осы салада білім мен тәжірибені ақшаға айналдырып, табысқа кенелгендер ешқашан ақшаның соңына түспеуді, керісінше, ол өзіңді іздеп табатындай кәсіп қылу қажеттігін айтады. Сонда ғана ойға алған ісіңіз орындалып, арман-мақсаттарға жетуге болатынын, ол үшін білім мен еңбектенудің маңызды екенін алға тартады. Әрине, бұл бірінші кезекте уақытты, ізденіс пен тәжірибені, сабырлылықты қажет етеді. Көбісі осы жағына мән берместен кәсіпті емес, ақша табудың жолын іздеп кетеді. Мұндай істің ұзаққа бармасына көз жеткізгендер де аз емес. Десек те адам баласының алмайтын асуы, бағындырмайтын биігі болмайтынын ескерсек, оған жету мүмкіндіктері өте көп. Бүгінде оны уақыттың өзі дәлелдеп отыр.
Ақнұр САҒЫНТАЙ

04 желтоқсан 2022 ж. 362 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 421

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 496

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930