» » Жаңа нысан ел игілігіне

Жаңа нысан ел игілігіне

qarmaqshy-tany.kz Осыдан жиырма бес, отыз жыл бұрын туған күн, үйлену, құдалық секілді тойлар үйіміздің кең ауласында өткізілетін. Кілемге жас жұбайлардың аты жазылып, дүркіретіп тойланатын. Бертін келе үлкен мейрамханалар салынып жиын атаулы сонда өткізілетін болды. Тіпті үйден бере алмаған асты ағайын-туыстың басын құрап кең жерде мейрамханадан беріп жіберуді үрдіс етті халық. Жақында кент орталығынан ас, жиын өткізуге арналған «Ғибрат» ас үйі мейрамханасы ашылды.
Биыл «Әмбебап» ЖШС теңгеріміндегі «Нұржігіт» сауда орталығының аумағынан ас беруге арналған жаңа мейрамхананың құрылысы басталғанды. Жобаның бастамашысы белгілі кәсіпкер Үрзада Бекмұрзаева. Атаулы нысанның жақында құрылысы толығымен аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді.
«Ғибрат» ас үйі мейрам ханасының ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев қатысып, ізгі тілегін жеткізді. Сондай-ақ мемлекет тарапынан кәсіпкерлік саласына ерекше ден қойылып, бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасалып жатқанын айта келе облыс көлемінде жарияланған жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 3 жылдығы аясында аудан, кент және елді мекендерде кәсіппен айналысуға ниетті азаматтардың саны артып келе жатқанын тілге тиек етті. Одан соң білім саласының ардагері, ауданның құрметті азаматы Пал Баймаханова өз құттықтауын білдірді.
Ас үй мейрамханасы аты айтып тұрғандай, ас беру, салт-дәстүрлер шеңберіндегі іс-шаралардың халал өтуіне арналған. Мұндағы сыйымдылық 250 орын. «Әмбебап» ЖШС басшысы Үрзада Бекмұрзаева жаңа нысанды жеке қаражат есебінен салған. Қазіргі таңда кәсіпкер 8 жұмыс орнын ашып, халыққа қызмет көрсетіп отыр.
Іс-шара барысында «Ғибрат» ас үйі мейрамханасының лентасы қиылып, ауданның құрметті азаматы, еңбек ардагері Исағали Жұмағұлов ақ батасын берді. Кәсіп иелері Әбдірахман Құлдүйсенов пен Үрзада Бекмұрзаева келген қонақтарға құдайы ас берді.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
04 желтоқсан 2022 ж. 453 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031