» » 1 Желтоқсан-Дүниежүзі ЖИТС-ке қарсы күресу күні

1 Желтоқсан-Дүниежүзі ЖИТС-ке қарсы күресу күні

qarmaqshy-tany.kz Үсен Көлдейұлы Томанов атындағы N183 орта мектебінде 30 қараша күні 10 "А, Б" сыныбына сынып жетекшілері жетекшілері Ж.Омарова мен М.Ешжанованың ұйымдастыруымен «1 Желтоқсан-Дүниежүзі ЖИТС-ке қарсы күресу» күніне орай "Ғасырдың қасіретті дерті" тақырыбында танымдық-кездесу сағаты болып өтті.
Кездесу қонағы ретінде аудандық Жастар денсаулық орталығының психологі Кетебаева Әмина Тахирқызы қатысты.
Тәрбие сағатының мақсаты-оқушыларға ғасырдың ауыр дерті-ВИЧ инфекциясы, ЖИТС ауруы туралы мағлұматтар бере отырып, оның жұғу жолдарымен, белгілерімен, алдын алу шараларымен таныстыру, мағлұмат беру. Және де оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, тазалыққа, адамгершілік тәрбиені бойларына сіңіре отырып, болашақ мүддесін ойлауға үйрету, салауатты өмір салтын ұстана білуге шақыру болып табылды.
Танымдық-кездесу сағатында Әмина Тахирқызы оқушылардың болашағы үшін қажетті мәліметтермен, тақырыпқа сай ақпараттармен таныстырып, сабақ сұрақ-жауапқа, пікірталасқа ұласты. Кездесу сағаты соңында Әмина Тахирқызы оқушыларға алдағы өмірлеріне сәттілік тілей отырып, жақсы тілек-ниетін айтты.
Алдағы уақытта да осындай бала өміріне, денсаулығына, болашағына қатысты, жеке тұлғаның мықты, тәртіпті, саналы болып жетілуіне қатысты игі іс-шаралар өз жалғасын таппақ...
30 қараша 2022 ж. 889 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 266
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 144

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031