» » 1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС- пен күрес күні

1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС- пен күрес күні

qarmaqshy-tany.kz Облыстық көлемде 2022 жылдың 21- қарашасы мен 1-желтоқсан аралығында ЮНЭЙДС ұсынған "Теңдік уақыты" ұранымен "Барлығы АИТВ/ЖИТС туралы" атты акциясы жоспарланып соған сәйкес аудан көлемінде"ЖИТС-пен күрес күні" өткізілуде.
Жалпы осы тақырып төңірегіне толығырақ тоқтала кетейік. АИТВ- адамның иммун тапшылығы вирусы. Бұл ауру - адамның иммун тапшылығы вирусынан туындайтын баяу дамитын ауру. Адамның иммундық жүйесін бұза отырып,басқа жұқпалы аурулардың дамуына әсер етеді. Бұл аурудың негізгі 3 жұғу жолдары бар: науқастың қанымен байланыста болған кезде, жыныстық қатынас кезінде, ауруды жұқтырған әйел баласын емізген кезде.
АИТВ-ны жұқтырған кезде адамдардың көпшілігі ешқандай симптомдарды байқамайды. Инфекциядан кейін де көп жылдар бойы адам өзін сау сезінуі мүмкін. Бұл кезең аурудың жасырын сатысы деп аталады.
Бұл ауруды көбінесе инъекциялық есірткіні пайдаланушы нашақорлар, олардың жыныстық серіктестері, бейберекет жыныстық қатынасқа түсетіндер,донорларды,қан құюды немесе органдарды трансплантациялауды қажет ететіндер,венерологиялық ауруларға шалдыққандар жұқтырады. Ауруды қалай анықтайды? Тек қана АИТВ-ға тестілеу: қан анализі арқылы ғана біле алады.
ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы) - бұл АИТВ-мен зақымдалғаннан кейін иммундық жүйенің жеткіліксіздігінен пайда болған аурулардың жиналуы,яғни АИТВ-ның асқынған түрі.
Бұл дерттен сақтанудың,алдын алудың жолдары: қорғалмаған,бейберекет жыныстық қатынастан бас тарту;
Есірткіні, залалсыздандырылмаған ортақ шприцтерді қолданбау;
АИТВ инфекциясына анализ тапсырып, өзін бақылауда ұстау.
Қазіргі науқан аясында ғана емес,кез келген уақытта қан анализін тапсырып,өз статусыңызды тегін тексере аласыз.
Соңғы статистика бойынша облыс көлемінде осы дертті жұқтырған 249 адам тіркелсе,соның 19-ы, өкінішке орай, Қармақшы ауданынан шығып отыр. АИТВ жұқтырған 2 жүкті әйел анықталып, екеуі де жауапты дәрігерлердің,мамандардың жедел көмегінің,алдын алу емінің тыңғылықтылығының арқасында дүниеге сау бала әкелді. Алаңдатарлық жағдай!Өкініштісі: бұл аурудың осы уақытқа дейін емі табылған жоқ! АИТВ/ЖИТС-ке қарсы екпе табылмай жатыр, тек қана алдын алу шараларын сақтай отырып қорғана аласыз!
Жалпы бұндай дертті жұқтырғандар басқа да азаматтар сияқты өмір сүруге, еңбек етуге,бала сүйіп бақытты болуға құқылы,оған шектеу қойылмайды. Тек дәрігерлердің науқас әйелдерді алдын ала емдеп, препараттарын қабылдатып, босануға дайындауы арқылы 98%-да өмірге сау бала келеді. Бұндай дертпен қоғам боп күресті күшейтуіміз керек!
Дүниежүзілік ЖИТС–пен күрес күніне орай 25-қараша күні ауданымыздағы емхана фойесінде "Ашық есік" күні ұйымдастырылды.
Мақсаты: аудан тұрғындарына ЖИТС-тің қауіптілігі,бұл аурудың қазіргі қоғамның басты проблемасына айналып отырғандығын ұғындыру, оның зиянды жақтарын түсіндіру, оның жұғу жолдары, сақтану жолдары туралы толық ақпараттық білім беру,салауатты өмір сүрудің маңызын насихаттап,зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру. Шара барысында Қармақшы аудандық емханасына келушілер мен медицина қызметкерлеріне республика,облыс көлемінде өтіп жатқан онкүндік бағдарламасына сәйкес АИТВ/ЖИТС–тің қазіргі таңдағы індеттік ахуалы жөнінде ПӘК кабинетінің дәрігері Айткүл Балмаханова түіндірме жұмыстарын жүргізіп, медбикесі Рабиға Елбосынова емханаға келушілерден қан анализін алды. Сондай-ақ ЖДО,СӨСҚ мамандары аурудың жұғу жолдарының алдын алу және сақтану, денсаулыққа байланысты жауапкершілікті арттыру жөнінде ақпарат беріп, аудан тұрғындарына арнайы тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетіліп,ақпараттық танымдық материалдар (жадынамалар, буклеттер,плакаттар) таратылды, сұрақтарына нақты жауаптар берілді. Дәл осындай іс-шаралар салаларалық біріккен жоспарға сәйкес аудан көлемінде жалғасып жатыр.
Өзіңізді және өз жақындарыңызды сырқаттан қорғау - азаматтық борышыңыз!
Денсаулықтарыңызға жауапкершілікпен қараңыздар деп салауатты өмір салтын қалыптастыру (СӨСҚ) кабинетінің маманы Дариха Құлмырзаева, аудандық емхананың және жастар денсаулығы орталығының (ЖДО) психологы Әмина Тахирқызы Кетебаева, медбикесі Мереке Бековалар кеңес береді.
25 қараша 2022 ж. 466 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 382

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 461

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930