"Тәуелсіздікке бастау болған Республика күнім менің!"
qarmaqshy-tany.kz Ү.К.Томанов атындағы 183 орта мектебінде 25 Қазан-Республика күніне орай ұйымдастырылған онкүндік іс-шарасы негізінде сынып жетекші М. Ешжанова 10"б"сынып оқушыларына "Тәуелсіздікке бастау болған Республика күнім менің!" тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті. Тәрбие сағаты дөңгелек үстел түрінде өтілді. Тәрбие сағатының мақсаты: Жаңа Қазақстанның өркендеуі мен дамуына үлес қосар ұрпақты, яғни оқушыларды туған жерін, елін ардақтауға, ұлттық рәміздерді қастерлеуге, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге шақыра отырып тәрбиелеу. Республика күнін негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының өткені мен бүгініне шолу жасау арқылы тың ақпараттармен бөлісу. Тәрбие сағатының ұйымдастыру бөлімінде сынып оқушылары еліміздің әнұранын бірлесе айтты. Кіріспе бөлімде мұғалім тың ақпараттарды таныстырып өтті. Негізгі бөлімде оқушылар тақырыпқа сай әзірленген сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасты. Сынып оқушылары А.Әнуарбек, Д.Әбдіқадіров, А.Әбдірахман, І.Алтаев, М.Ібраш, Н.Жаңабекова зерттеу жұмыстарымен бөлісті. Сабақтың қорытынды бөлімінде оқушылар Отан, туған жер, Қазақстан жайлы өлең-пікірлерін ортаға салды. Мұғалім оқушыларды марапаттай отырып, ұлттық мерекемен сынып оқушыларын құттықтады. Алдағы уақытта да оқушылардың еліне деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыратын тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өз жалғасын таппақ.