» » Бүгін еліміз үшін ерекше күн

Бүгін еліміз үшін ерекше күн

qarmaqshy-tany.kz Бүгін еліміз үшін ерекше күн болды. Астана қаласындағы Тәуелсіздік  сарайында Қазақстан Республикасының Президентінің қызметіне ресми кірісудің салтанатты рәсімі өтті.  Қазақстан Республикасының Президенті болып 7 жыл мерзімге Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сайланды, халыққа ант берді.  Қызметке кірісуінің алғашқы сөзінде адал қызмет ету халық алдындағы бірінші кезектегі парызы екенін  жеткізді. Бағдарламаның әрбір пунктін жүрегімен шынайы жазғаны аңғарылды. Оны жүзеге асыруда адал және ақырына дейін әділетті жүргізе отырып тікелей өзінің бақылауында болатынын айтты. Сонымен бірге  халық қол соғып қуаттаған мәселесі  ауылдарды дамытудан бастады. Экономиканы көтеру шикізат көзі болу емес, өзіміз өнім өндіруші елге айналдырамыз деді. Қай істе де тазалық, шынайылық керек. Жемқорлықсыз, сыбайлассыз, білімді адал азаматтарды ел басқару ісіне тарта отырып жүзеге асырамыз. Жастардың білімге жолын ашу, ғылым жолындағы жаңалықты қолдау мәселелері, оларға жағдай жасау. Елдің байлығын халықтың игілігіне жұмсау. Барлық салада жаңашылдықпен жұмыс істеу керек. 
«Баршаға ортақ игілік! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты сайлауалды бағдарламасын өзі жүрегімен жазғанын, алдағы 7 жылда оның орындалуын бақылауда ұстап, елге адал қызмет жасайтынын айтты. Ұлықтау рәсіміне қатысқан барлық өңірден жиналғандар Мемлекет басшысының сөзін шынайы ықыласпен қабыл алды. Бағдарламаны жүзеге асырудың құқықтық негіздері, Конституцияда жасалған өзгерістерде көрініс тапқанын, барлық жағынан халық мүддесі қорғалғаны айтылды. Білімді жастарды қолдау, олардың жаңаша өнер табыстарын жүзеге асыруына қолдау көрсету.
Келешекте ел экономикасының дамуына қол жеткізуге жұмылдыру, мектептер салу тағы басқа мәселелер айтылды. «Сенімді, Әділетті Қазақстанды құру жолында бірлесе отырып қуатты мемлекетке айналдыру жолында барлық күш-жігерімді жұмсаймын. Еліме қызмет етуден артық бақыт жоқ. Қолдап дауыс берген халқыма алғысымды білдіремін» деді Президент өз сөзінде. Біз де ертеңге деген сеніммен қанаттанып қайттық.
Гүлжауһар Раева, 
партия ардагері
26 қараша 2022 ж. 389 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 314

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 413

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930