» » Жаңа Қазақстанға – жасампаздықпен

Жаңа Қазақстанға – жасампаздықпен



Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатын «Ұлттық арнадан» тамашаладым, газеттен де оқыдым. Бұл сұхбатты көпшілік қауым асыға күткені белгілі. Өйткені «Жаңа Қазақстан» құру идеясы жүзеге асырылып жатқан маңызды кезеңде Мемлекет басшысының ұстанымдары мен бастамалары еліміздің әрбір азаматы үшін өзекті.
Осы ретте бүгінгі сұхбатта Президент «Қаңтар оқиғасы» туралы кеңінен айтып, бастапқыда бейбіт шерулермен басталып, соңы қантөгіс пен нағыз террористік әрекеттерге ұласқан келеңсіз оқиғалар жөнінде пікір білдірді.
Мемлекет басшысы атап өткендей, қазір елімізде ауқымды тергеу жұмыстары жүргізілуде. Сондықтан барлығымыз тергеудің аяқталғанын күтіп, сабырлық сақтауымыз қажет. Ең бастысы тергеудің жүргізілу барысы Президенттің тікелей бақылауында.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Мен үшін азаматтарымыз­дың құқығы аса маңызды. Әсіресе қазіргі таңда мұны ең маңызды мәселе деп айтуға болады. Әрбір іс бойынша әділ шешім шығару мен үшін негізгі принцип болып табылады» деді. Яғни бәрі әділ өтпек және ақпарат барлығына қолжетімді әрі жария болмақ. Бұл бұған дейінгі Жолдауда баса айтылған «Әділетті қоғам» қағидатына сай келеді.
Президент сұхбатта сондай-ақ кадрлық өзгерістерге байланысты өз ойын айтты. Расында да кадрлық саясат, қызметке тағайындау мәселелері қай кезде де маңызды. Ал дәл қазіргі кезеңде бұл тіптен ерекше маңыз беруді талап етеді. Осы ретте Президент өзінің тікелей бастамасымен іске асып, жасақталған «Президенттік жастар кадрлық резервінің» мүшелерінен бөлек, қолынан іс келетін, білімді, жаңа заман талаптарын меңгерген жас­тарды қызметке тартуға мемлекет мүдделі екенін айтты. Қ.Тоқаевтың «Мен «Адамдар мемлекет үшін емес, мемлекет адамдар үшін» деген ұстанымды жарияладым» деуінде де үлкен мән бар.
Ал Елбасының Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы рөлі мен еңбегі туралы айтылған Президент пікірін құптарлық әрі орынды ой деп санауға болады. Әрине саяси маңызды реформаларды толыққанды, түбегейлі жүзеге асыруда кемшіліктер болған шығар. Біткен іске жалпылама баға беру оңай. Бірақ оның негізін саралау, әділ бағалау қиын. Сондықтан бәріміз өткеннен сабақ алуымыз қажет. Президентіміз атап өткендей, Елбасының тұлғалық, көшбасшылық қарым-қабілетіне шүбә келтіріп, орынсыз сын айтуды тоқтатуымыз қажет.
Сұхбатта Президент саяси реформаларды наурыз айында ұсынатынын айтты. Ендеше тағы да өзгерістер, жаңашылдықтар болатынын күтейік. Қорыта айтқанда, Президенттің бүгінгі сұхбатынан Мемлекет басшысының елімізді дамытуға мықтап кіріскені, барлық салада ауқымды сараптамалық талдаулар жүргізіліп жатқаны, нақты міндеттер айқындалғаны және оның нәтижесін, игілігін халық көп ұзамай сезінетіні аңғарылды.

Айдынбек СКЕНДІРОВ,
аудандық мәслихат депутаты
22 ақпан 2022 ж. 538 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 321

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 416

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930