Маңызды сауалдарға жауап берді
Бейсенбі күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Qazaqstan» ұлттық телеарнасына сұхбат беріп, қасіретті Қаңтар оқиғасының себеп-салдары мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын саяси және әлеуметтік реформалар, еліміздің сыртқы саясаттағы стратегиялық серіктестерімен қарым-қатынастарына, қабылдаған шешімдеріне қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді.
Президент қаңтар оқиғасына қатысты маңызды деректерге тоқталып, қайғылы оқиға бойынша, сондай-ақ жазықсыз қамауға алынғандар жөнінде күрделі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтып өтті.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Алматыдағы бүлік кезінде елге тартылған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскерін шақырғаны үшін ешкімнің алдында қарыз болып қалмағанын жеткізді. Өйткені, бүгінде ел арасында осы мәселеге қатысты шындыққа жанаспайтын әңгімелер жүргендігі жасырын емес. Президент бұл шешімді басқа да қалаларды басып алудың алдын алу үшін қабылдағанын атап өтті.
Мемлекет басшысы Қаңтар оғиғасы барлығымызға сабақ болғанын жеткізе келе «Бұл мәселеге қатысты жан-жақты зерттейтін болсақ, халықтың нарызылығының астарында өткір әлеуметтік мәселе жатыр. Халықтың көбінің әлеуметтік жағдайы төмен. Оны мойындауымыз керек. Ол ақиқат. Мемлекеттің тұтас байлығы аз ғана топтың қолында. Теңсіздік белең алуда. Бұл мәселе туралы мен Парламентте, басқа да жиындарда айттым. Өкініштісі, азаматтардың наразылығын қылмыскерлер, лаңкестер пайдаланып кетті» дейді ол.
Жалпы Президенттің қоғамда жиі талқыланып, көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сауалдарға берген нақты әрі тұшымды жауаптары көптің көңіліне сенім ұялатты деп ойлаймын. Қасым-Жомарт Кемелұлы сұхбатының соңында «Отанымыз жалғыз және оны қорғау – әрбіріміздің азаматтық борышымыз» деді. Олай болса, елімізді қорғау және оның өркендеуі үшін еңбек ету – баршамызға жүктелген ортақ міндет.

Бақытжан НЫСАНБАЕВ,
аудандық мәслихат депутаты