» » МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Үстіміздегі жылдың 12-маусымы – ел тарихындағы елеулі кезең, тарихи сәт болуымен есте қалды. Себебі, бұл күні – Қазақстанда екінші президент ант беріп, ресми түрде қызметіне кірісті. Аталған күні елордадағы Тәуелсіздік сарайында ҚР Президент сайлауында айқын басымдықпен жеңіске жетіп, Мемлекет басшысы атанған Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті. Рәсімде Мемлекеттік Ту мен Президент Байрағы, сонымен қоса, ҚР Конституциясы Тәуелсіздік сарайына әкелінген соң Қ.Тоқаев ҚР Президенті Мемлекеттік күзет қызметі бастығының рапортын қабылдады.
Мұнан кейін «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, ҚР Конституция­сы мен заңдарын қатаң сақтауға, аза­маттардың құқықтары мен бос­тандықтарына кепiлдiк беруге, ҚР Президентiнiң өзiме жүктелген мәр­тебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн», – деп мемлекеттік тілде Қазақстан халқына ант берді.
Сол секілді, жаңадан сайланған Қазақстан Президентінің қызметке кірісу құрметіне орай Мемлекеттік әнұран ойнатылып, зеңбіректерден 21 мәрте оқ атылды. Ақорда рези­денциясының үстінде ҚР Мемлекеттік Туы көкке көтерілді.
Ұлықтауда Орталық сайлау ко­мис­сия­сының төрағасы Берік Имашев Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҚР Президентінің куәлігін тапсырды.
Өз кезегінде Мемлекет басшысы зор сенім ар­тқан қазақстандықтарға алғыс айтып, тәу­елсіз мемлекетіміздің негізін қалаушы Қа­зақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың  айрықша рөлін атады.
– Менің мақсатым – қоғамның бірлігін қамтамасыз ету және әрбір азаматтың құқығын қорғау. Қазақстанның ұлттық мүддесін әрқашан және барлық жерде қор­ғайтын боламын, – дей келе Қазақстан Президенті алда жүзеге асуға тиісті он негізгі бағытты белгілеп берді. Олар: халықтың табысын арттыру мен әл-ауқатын жақсарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді іс-қимыл жасау, соттық-құқықтық реформа, әділетті әлеуметтік саясат, тұрғын үй, өңірлерді дамыту, тепе-теңдік және көпвекторлы сыртқы саясат, сондай-ақ, жастарды қолдау мәселесі. 
Ұлықтау рәсімінің соңында ҚР Президенті – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Тәуелсіздік сарайының алаңында Қорғаныс минис­т­рі Нұрлан Ермекбаевтан рапорт қа­былдаса, ҚР Қарулы Күштерінің әс­кері Мемлекет басшысы алдында сап түзеді.
Дүниежүзі көз тіккен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың ұлықтау рәсіміне Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаев, ҚР Пар­­ламенті депутаттары, Үкімет мүшелері, Жоғарғы сот судьялары, Конституциялық кеңес мүшелері, Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесінің өкілдері, орталық мемлекеттік басқару органдарының басшылары, Орталық сайлау комиссиясы мен Қазақстан Халқы Ассам­блеясының мүшелері, діни конфессия өкілдері, Қазақстандағы дип­ломатиялық өкілдіктердің басшылары, прези­денттікке үміткер болғандар, «Nur Otan» партиясының басшылығы, іскер топ өкілдері, көрнекті ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері, жас­тар ұйымдарынан 2500 адам қатысты.
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА,
«Қармақшы таңы».  
17 маусым 2019 ж. 1 148 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031