» » ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай акция

ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай акция

qarmaqshy-tany.kz ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай "Теңдік уақыты" ұранымен "Барлығы АИТВ/ЖИТС туралы" тақырыбындағы акция Қармақшы ауданы Көмекбаев ауылының емханасында және  №185 орта мектебінде өтті.
Шара барысында әлемнің назарын аудартып, алаңдатып отырған қасіретті дерттің осы түрінің жұғу жолдары, келтірер залалдары, одан сақтанудың жолдары жайлы жасөспірімдер мен ауыл тұрғындарына егжей-тегжейлі түсіндіріліп, ақпараттандырылды. Салауатты өмір салтын ұстану, өз өміріне жауаптылықпен қарау, бала тәрбиесін басты назарда ұстап, жасөспірімдерге өнеге болуды мақсат ету, нашақорлықтан, зиянды әдеттерден аулақ болудың пайдасы жайлы айтылды. Репродуктивті денсаулық жайында толығырақ түсіндіріліп, жеке бастың тазалығы, жақсы қарым-қатынас дағдылары айтылды.
Қармақшы аудандық орталық аурухана медицина қызметкерлері Көмекбаев ауыл тұрғындарын медициналық тексеруден өткізіп, кеңестер берді, АТМ-дар таратылды. Психологтың жеке кеңесін алып, ойларындағы сұрақтарына жауаптар алды.
№185 орта мектеп оқушыларына бейнероликтер, слайдтар көрсетіліп және оқушылармен психологиялық тренингтер жасалынып, кері байланыс орнады.
24 қараша 2022 ж. 598 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 044
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 645

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031