» » Тұрмағамбет ауылында ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің «Алтын күз-2022» мерекесі өтті

Тұрмағамбет ауылында ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің «Алтын күз-2022» мерекесі өтті

qarmaqshy-tany.kz Кеше Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылында ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің «Алтын күз-2022» мерекесі өткізілді.
Бұл күні «Тұрмағамбет» ЖШС-нің Сыр маржанын төкпей-шашпай жинауда күні-түні тер төккен дала диқандарының еңбегі айшықталып, құрмет төрінен көрінді.
Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев пен аудандық мәслихаттың хатшысы Әділ Қошалақов, аудан ардагерлері және ауыл тұрғындары қатысты.
Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің мерейлі сәтімен құттықтаған аудан әкімінің орынбасары ел диханшыларының өз ісіне деген адалдығы мен кәсіби шеберліктерінің арқасында бүгінгі күні ел алдында ең жоғарғы құрмет пен қошеметке ие болып, марапаттқа лайық екендігін атап өтті.
Сондай-ақ Тұрмағамбет ауылының бірқатар азаматтары ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына өзіндік қосқан үлестері ескеріліп,аудан әкімі және аудандық мәслихат хатшысының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Шара барысында «Тұрмағамбет»ЖШС-нің тарапынан ауыл шаруашылығы саласында жоғары көрсеткiшке қол жеткiзген ауыл еңбеккерлері, диханшылары марапатталып, қаржылай сыйақы мен арнайы сыйлықтарға ие болды.
Іс-шара соңы ауыл өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
Сондай-ақ, аудан жастары қазақша күрес, арқан тартыс және қол күрес сынды спорт түрлерінен күш сынасты.
24 қараша 2022 ж. 485 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930