» » Құқық бұзушылықтың алдын алу

Құқық бұзушылықтың алдын алу

qarmaqshy-tany.kz Қызылорда облысының білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың алдын алуды түсіндірудің бірлескен жоспарына сәйкес аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен кент орталығындағы №26, №27, №30, №121 орта мектептердің 8-11 сынып оқушыларына құқық бұзушылық және қылмыс, нашақорлықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі мен суицид, зорлық зомбылық, ерте жүктіліктің алдын алу бағытында ақпараттық танымдық, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстары ауданымызда жиі-жиі болып тұрады және осыған байланысты түнгі рейдт жұмыстары да жүргізіліп отырады.
Кездесуге Қармақшы аудандық прокуратура, АПб-нің ювенальды полиция тобының инспекторы, аудандық білім бөлімінің әдіскері, аудандық орталық емханасының психо-әлеуметтік кеңес беру дәрігері, аудандық жастар денсаулығы орталығының психологі, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры қатысып, өздерінің ақыл кеңестерін айтып, болашаққа дұрыс бағыт-бағдарларын таңдауды түсіндірді.
Кездесу барысында құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған бейнероликтер көрсетілді. Жиында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, оқушылардың сұрағына жауап бере отырып пікір алмасты.
24 қараша 2022 ж. 850 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 297
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 447

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30