» » Тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы!

Тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы!

qarmaqshy-tany.kz Білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың алдын алуды түсіндірудің бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес, 22.11.2022 жылы Қармақшы ауданы Жосалы кенті орталығындағы №26, №27, №30, №121 орта мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтар және оларға қарсы жасалған қылмыстар, ерте жүктілік, жыныстық тиіспеушілік, суицид, зорлық-зомбылық, нашақорлық, интернет қауіпсіздігі және жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу мақсатында аудан прорурының көмекшісі Е.Есетов, полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторлар полиция капитаны Г.Мухамедьяров, полиция капитаны Р.Әбдірахманов, полиция аға лейтенанты Ж.Аликулов, полиция аға лейтенанты М.Алимбаев, аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Тоқшылықова, аудандық психоәлеуметтік кеңес беру кабинетінің дәрігері А.Балмаханова, Жастар денсаулығы орталығы психологы Ә.Кетебаева және Қармақшы аудандық Жастар ресурстық орталығы бастығы Н.Пірназаровтардың қатысуымен кездесу жиыны өткізілді.
Жиында аталған мектептердің жоғарғы сынып оқушыларына жиынға қатысушылардың әрқайсысынан өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтардың біздің болашағымыз екенін, қателіктерге жол бермеу керектігін, ұл баланың еріншектікке, қыз баланың жеңілтектікке бой алдырмауын, сабақтарына мұқият ден қоюын, интернет әлемінің пайдалы және зиянды жақтарын, ерте жүктіліктің адам денсаулығына зияндығын, түнгі беймезгіл уақытта жүрмеу, көлік басқармау, жолдарда жүргенде абай болу керктігі яғни құқықтық сауаттылықтарын арттыруға бағытталған ақыл-кеңестер айтылды.
Кездесу барысында оқушыларға «Балалардың қауіпсіз мінез-құлық ережелері», «Кәмелетке толмағандармен жасалатын құқық бұзушылықтарға жол бермеуіне қатысты заңнама талаптарына байланысты айтылған ескертпелер», «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыптарында бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар, оқушылармен жасөспірімдермен жасалатын құқық бұзушылықтар туралы қойылымдар қойды.
Жиын барысында оқушылар келген әр сала мамандарынан қажетті ақпараттарын алғаны туралы өз ой-пікірлерін білдірді.
Қармақшы ауданының Полиция бөлімі
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі
23 қараша 2022 ж. 600 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 411
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728