» » Оқ ішінде от кешкен

Оқ ішінде от кешкен

К.Қасымұлы – 220
Қазақ халқы ежелден жаугершілік замандарды бастан өткеріп келе жатқан ұлы халық. Сонау сақ, ғұн тайпаларының тұсында Хань, Минь, Цинь (Қытай) империяларының жаугершілік кезеңдерін басынан өткерсе, орта ғасырларда, қағанаттардың тұсында моңғол шапқыншылығын бастан өткерді. Ал кейінгі орта ғасырларда хандықтар құрылып, ұлы даламызда ерте мемлекеттер пайда бола бастаған тұста жоңғар шабуылынан тап болып, бұл елдің тынымсыз, шапқыншылығынан құтылу мақсатында Ресей империясының құрамына еніп, ақыры сол империяның отарына, бодан елге айналдық. Патша үкіметінің қазақ халқына жүргізген озбыр саясатына қарсы тұрған ұлы тұлғаларымыз, билеріміз бен батыр хандарымыздың ерлігі ел есінде мәңгі сақталды. Сол хандарымыздың бірі болған, тарихта ерекше  маңызы бар ұлт қозғалысын бастаған, серпілген тұяқтың ұшқыны Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы болды. Ол бастаған қозғалыс 1837-1847 жылдар аралығын қамтыды. Бұл көтерілістің ерекшелігі  – ол патшаға хат жолдап «Хан Абылайға салық салмаймыз, жеріңді алмаймыз деген келісімдеріңді бұзбай, бейбіт өмір сүргің келсе, заңсыз салынған бекіністеріңді бұздыр» деген болатын. Өкінішке орай патша үкіметі жауапсыз қалып, талап орындалмай, соғыс басталған еді. Кенесары Қасымұлы тек патша үкіметіне ғана қарсы көтеріліп қойған жоқ, сонымен қатар оңтүстігімізде қоқандықтардың жерімізге қорғандар көтерген езгісіне қарсы көтерілді. Кенесары бастаған 10 жылға созылған ұлт-азаттық қозғалыс сонау Кіші, Орта жүздің аумағынан бастау алып, Ұлы жүз аумақтарына дейін көтерілген, патша үкіметінің бекіністерін өртеп жіберуден де тайсалмаған, қазақ халқына рух берген, ерекше тарихи маңызы бар көтеріліс болды. Кенесары Қасымұлы тек батырлығымен ғана емес, сонымен қатар тұлға ретінде де және қазақ хандығының соңғы ханы ретінде де келер ұрпаққа үлгі болған рухты бабамыз, тарихи тұлғамыз. Алайда Кенесары Қасымұлының соғыс жорықтарын, тарихшыларымыз «Көтеріліс, қозғалыс емес, тәуелсіздік үшін болған күрес» деп танып, себебі ешқандай хан өз елінде бұлғақ жасамайды, оның нақты миссиясы Сарыарқамыздағы дербестік пен еліміздің бірлігін сақтау болды. Мұны тарихшы Е.Бекмаханов та жазып, айыпталып, 25 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Елі мен жері үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан, мүрдесі қырғыз жерінде, ал бас сүйегі Ресейдегі эрмитажда қалған, 1802-1847 жылдары аралығында өмір сүрген батыр  бабамыздың сүйегін елге қайтарып, құрметімізді аямауымыз керек» деп отыр.
Әйгілі қолбасшы Кенесары Қасымұлының туғанына 220 жыл толды. Осыған орай, ұлы тұлғамыздың ерлігін дәріптеу мақсатында Алматы қаласында «Бабалар мұрасы» атты республикалық фестиваль өтті. Фестивальға келушілер «Батыр бабалар» мемориалды музейінің қорындағы жәдігерлерді көрді. Музейде 150 экспонат бар. Оның ең құндысы  Кенесары Қасымұлының қарындасы Бопай ханымның қылышы. Бұл дегеніміз – бабаларымыздың елі мен жері үшін аянбай, тер төгіп, жан берген, қайтпас, қайсар рухты, өз жандарын құрбан еткен батыр тұлғаларымыздың ұлтжандылығы мен намысты қолдан бермейтін батырларымыздың дәлелі дер едік. Сондықтан да егемендігіміздің қадірін біліп, қастерлеу біздің парызымыз.
Г.ДОСАМАНОВА,
Жанқожа батыр атындағы №269 орта
мектептің мұғалімі
22 қараша 2022 ж. 306 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930